Индустриялық даму комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді

Индустриялық даму комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - Комитет) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында Комитет төрағасының 2021 жылғы 11 мамырдағы №51-н бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, СЖТІТ өткізу жоспары бекітілді.

Жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша СЖТІТ өткізді:

1) құрылымдық бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) құрылымдық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жұмыс тобының СЖТІТ қорытындысы бойынша барлық іс-шаралар өткізілді және талдамалық анықтамаға қол қойылды.  

Аналитическая справка

Приложение 1

Приложение 2