2021 жылы Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында жалпы инвестиция сомасы 40,5 млрд теңге, 823 жұмыс орнын құрумен 9 жобаны ("Рахат СК", "г. С. г. Высотник", "Қаз-Диа-Тест", "City Stone", "Әлем Тынысы", "Asia steel pipe corporation", "Электробар", "Valtherm", "Technokont") іске қосу жоспарлануда. Жаңа кәсіпорындарда автоклавты газобетон, медициналық мақсаттағы диагностикалық тесттер, табиғи тастан жасалған бұйымдар, салқындатқыш сұйықтықтар, үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар, электротехникалық бұйымдар, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтары, орташа вольтті жиынтық тарату құрылғылары шығарылады. Қазіргі уақытта бөлінген жер телімдерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір қатысушы компаниялар ғимараттарды ішкі әрлеу, өнеркәсіптік жабдықтарды жеткізу және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарға кірісті.
Сондай-ақ, 2021 жылы Алматының индустриялық аймағында ШОБ субъектілері үшін 22 мың ш.м. өндірістік жайларды пайдалануға бере отырып, 4 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарлануда. Онда 860 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайды. Шағын өнеркәсіптік парктерге тау-кен өндіру, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп саласындағы шағын кәсіпорындар тартылатын болады.
Бұдан өзге, 2025 жылға дейін индустриялық аймақта жалпы инвестиция сомасы 81,1 млрд теңге болатын, 3 329 жұмыс орнын құрумен 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта инвесторлар жобаларды іске асыруға кірісті (рұқсат беру құжаттарын алады, құрылыс жобасын әзірлеуді жүргізеді).
Алматының индустриялық аймағы аумағының жалпы ауданы 490 га құрайды, оның ішінде пайдалы ауданы 326 га, инфрақұрылымға 164 га бөлінген. Бүгінгі таңда 14 жоба іске қосылды ("BRB APK", "Almapack", "DOC Co.LTD", "TOKYO ROPE ALMATY", "KMK Investment" - бірінші және екінші кезеңдер, "KazTigerTape", "ЭНКО", "ASSET", "Техновид", "МПЗ Бижан", "ДорХан-Алматы", "Алмерек", "Hyundai Trans Kazakhstan"). Олардың жалпы сомасы - 75 млрд теңге, екі мыңнан астам жұмыс орын құрылды. Бүгінгі таңда Алматы индустриялық аймағына қатысушы компаниялар 99,6 млрд теңгенің өнімін өндірді.
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы"заң жобасын ҚР Парламенті Сенатының қарауына ұсынды.
Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын құруға, ЕАЭО шеңберінде бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ осы салада тиімді шаралар әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жасауға бағдарланған өзара тиімді сауда-экономикалық тетіктерді қалыптастыруға бағытталған.
Келісім 18 баптан тұрады. Және:
- бағалы металдармен, өңделмеген асыл тастармен мәмілелерді жүзеге асыруды;
- Кимберли процесі талаптарына сәйкес мүше мемлекеттер арасында өңделмеген табиғи алмастардың орын ауыстыруын;
- мәмілелер жасау және асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын анықтауды;
- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердегі сынықтар мен қалдықтарды жинау және міндетті есепке алуды;
- ЕАЭО-ға әкелінген немесе өндірілген зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалау, талдау және таңбалауды;
- заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер және уәкілетті органдар арасындағы сынамалық таңбалар бедерлерінің үлгілері туралы ақпарат алмасуды;
- бағалы металдар мен асыл тастардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік шараларын қолдануды қарастырады.
Келісімде зергерлік бұйымдармен өзара саудада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сынамалық таңбаларын өзара тану бекітіледі. Егер зергерлік бұйым Қазақстан аумағында дайындалса және сынақтан өткізілсе, ол бұйымды Одаққа қатысушы елдерде өткізу кезінде қайта сынамалаудың қажеті болмайды.
Сондай-ақ, Келісім ұлттық және мемлекетаралық сапа стандарттары талаптарын мойындайды және қатысушы мемлекеттердің өндірілетін алтынды сатып алудағы басым құқығын бекітеді.
Жалпы, Келісімнің нормалары ЕАЭО елдері аумағында бағалы металдармен және тастармен операциялардың толық есебін жүргізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге Одаққа қатысушы елдер 2019 жылғы 22 қарашада Мәскеуде қол қойды.
Бүгінгі таңда Келісімнің күшіне ену рәсімдерін Беларусь және Ресей аяқтады. Армения мен Қырғызстан Парламентінде жоба қаралып жатыр.
Вице-министр А.Ержанов сенаторлардың Қазақстандағы алтын өндірісі мен айналымы туралы сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.
Қазіргі уақытта 190-ға жуық компания еліміздің алтын кен орындарын игеруге құқылы. Олардың 35-і нақты өндірумен айналысады. Бұл компанияларда 20 мыңға жуық қазақстандық тұрақты жұмыс істейді. Бұл тау-кен металлургия саласы қызметкерлерінің жалпы санының 10% шамасында.
2020 жылы Қазақстан 69 тонна таза алтын өндірді. Оларды өндіру үшін жер қойнауынан 24,8 млн тонна кен өндіріліп, одан 118 тонна өңделмеген алтын (Доре қорытпасы және шлихті алтын) шығарылды.
Отандық зергерлердің қажеттіліктері үшін мемлекет жыл сайын 300 кг алтын бөледі. Алайда, зергерлік әшекейлердің көлеңкелі айналымының көптігіне және отандық зергерлік өнеркәсіптің әлі дамымағанына байланысты зергерлер 36 кг-нан артық сатып алмайды. Зергерлік өнеркәсіп қауымдастығының мәліметінше ішкі нарықтағы отандық кәсіпорындар үлесі 10%-дан аспайды.
Келісімге қол қою Қазақстандағы зергерлік саласын дамытуға елеулі серпін береді деп болжанып отыр.
Анықтама үшін:
Кимберли процесі 82 елді біріктіреді. Ұйым 2003 жылы "қанды гауһар" деп аталатын заңсыз өндірілген асыл тастармен күрес аясында құрылды. Оны сатудан түскен қаражат аймақтық қақтығыстар мен террористік топтарды қаржыландыруға жұмсалып келген.
Кимберли процесіне қатысушы ел шикі алмастың бірде-бір партиясы оған қатыспайтын адамға импортталмайтынына немесе экспортталмайтынына кепілдік береді.
ЕАЭО-ға қатысушы барлық ел - Кимберлий процесінің мүшесі.
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес Министрлік «Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Осы бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындайды.
Жоба 2021 жылғы 31 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7784858).
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-1) тармақшасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес Министрлік «Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындайды.
Жоба 2021 жылғы 31 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7785528).
Мемлекет кәсіпорындардың цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі бастамаларына одан әрі де белсенді қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАҒА
- Төртінші өнеркәсіптік революция немесе 4.0 Индустриясы әлемдегі басым бағыттардың біріне айналды. Кәсіпорындар роботтандырылған жүйелер мен технологияларды (ИИ, IoT) енгізе отырып, өндірістік процестерді автоматтандырады, шығындарды айтарлықтай төмендетеді. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік артады. «Цифрларды» енгізу – енді опция емес, нарықтың қазіргі заманғы жағдайларынан туындаған қажеттілік, – деп есептейді ҚР ИИДМ Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары Әсел Дүйсембаева.
Елімізде бір жылда 75 мың көлік шығарылды. Оған барлық типтегі көлік құралдары: автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар кіреді.
Жалпы, машина жасау саласындағы автомобиль шығару секторының үлесі 2019 жылғы 26,3% болса, 2020 жылы 33,4%-ке жетті.
Өңдеу өнеркәсібінде автомобиль жасау үлесі 4,6% дейін өсті (2019 жылы-3,2%).
Жақын шетелдерге 8 122 автомобиль экспортталды. Бұл арғы жылдың көрсеткішінен 3 есе көп. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстанда Қазақстанда шығарылған Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне сұраныс жоғары.
2020 жылы еліміздің азаматтары 93 мыңнан астам жаңа техника сатып алып, арғы жылдың көрсеткішінен 25% асып түсті (75 156).
Осы ретте елімізде сатып алынған үш автомобильдің екеуі отандық өндіріс өнімі екенін айту керек.
Өткен жылғы ең танымал брендтер Hyundai, Chevrolet және Toyota болды. Ең танымал бес брендтің төртеуі отандық өндіріс өнімі (Hyundai, Chevrolet, Ravon және Lada).
2020 жылы автомобиль өнеркәсібінде қол жеткізілген табысты көрсеткіштерге Үкімет пен Министрлік тарапынан қабылданған және отандық зауыттар іске асырған нақты шешімдер оң әсер етті.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары аясында автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.
Үкімет басшысы «KIA Motors Россия и СНГ» ЖШҚ президенті Ким Джин Хамен бірлесіп «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында KIA өндірістік желісінің ашылу рәсіміне қатысты. Жоба шеңберінде жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығару жоспарланған. Өнімді оқшаулау деңгейі шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, ұсақ торапты өндіріс технологияларын қолдану арқылы 50%-ға дейін арттырылатын болады.
«Автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі және ол жыл сайын оң динамиканы көрсетіп келе жатыр», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр «KamLitKZ» шойын құймасын өндіру зауытының құрылыс барысымен танысты. Құрылыстың бірінші кезеңін 2021 жылдың қазан айында, екінші және үшінші кезеңдерін 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның құны 80 млрд теңгені құрайды. 300 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобалық қуатына қол жеткізген соң өндірісте К5 жаңа буынның жүк көліктеріне арналған жетек картерлері, цилиндр блоктары мен қозғалтқыш цилиндрі блоктарының бастиектері шығарылып, жалпы көлемі жылына 40 мың тоннадан астам шойын құймасын құрайтын болады. Жобаны іске асыру Қазақстанды «КАМАЗ» ЖАҚ жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне енгізеді — өнімнің 95%-ы экспортталатын болады.
Үкімет басшысы ҚР аумағында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасындағы қазақстандық қамту деңгейін едәуір арттыруға бағытталған «АгромашХолдинг» АҚ оқшаулау орталығында болды.
36 мың шаршы метр аумақта металды лазермен кесуге, майыстыруға, сырлауға және дәнекерлеуге, пластик бұйымдарын, интерьер бөлшектерін, термошуоқшаулағышты өндіруге, конвейерлік құрастыруға және т.б. арналған автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл жабдықтар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары арқылы сатып алынды. Жақында оқшаулау орталығында ауыл шаруашылығы техникасына арналған компоненттердің 1200-ден астам атауы, сондай-ақ «Кировец», «Essil», «Lovol», «Pottinger», «Deutz-Fahr», JAC, Chevrolet брендтерінің және т. б. автомобиль өнеркәсібі атаулары шығарылатын болады.
Премьер-Министр «КАМАЗ», «Татнефть», «АвтоВАЗ» және «KIA Motors» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жергіліктендіруді арттыру мәселелері «Петербург трактор зауыты» АҚ, беларустік «Гомсельмаш» ААҚ және италиялық «SDF Group» басшылығымен кездесулерде қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша А. Маминнің қатысуымен автомобиль жасауда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 9 құжатқа, оның ішінде өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерге, инвестициялық келісімдерге және арнайы инвестициялық келісімшарттарға қол қойылды.
Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр өңірдегі АӨК, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында іске асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй инфрақұрылымын дамытумен танысты.
Дереккөз: primeminister.kz
Өндіріс көлемінің өсімі:
- құйма алтын 45 %
- түйіршіктегі күміс 10 %
- тазартылған мыс 7 %
- тазартылған алтын 42 %
- тазартылған күміс 60 %
- катодты мыс 45 %
Құны 12 млрд теңгеден асатын мыс және алюминий созба сым шығаратын зауыт Алматының индустриялық аймағында 2021 жылдың қаңтарында іске қосылды. Өндіріс көлемі жылына 25 000 тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорында қосымша 80 жұмыс орны құрылды. Жоба Қазақстанның Ресейге, Қытайға, Парсы шығанағы елдеріне және ЕАЭО-ға экспортының елеулі үлесі бар инновациялық өнімдерге қажеттілігін жабады.
Еуразиялық Энергокомбинат бірнеше өндірісті қамтиды. Бірінші кезеңде, 2018 жылдың қыркүйегінде инвестициялық компания өндіріс қуаттылығы жылына 100 000 км-ден астам кабель шығаратын «ЕВРАЗКАБЕЛЬ» кабельді-өткізгіш өнімдерін шығаратын зауытты іске қосты. 100-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
«Қазақстанның инновациялық кәсіпорындарға қажеттілігі өте жоғары. Қазақстан бай шикізат базасына ие, қолайлы географиялық жағдайға ие, белсенді инвестициялық саясатты жүргізеді. Алайда, бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің төмен үлесі сақталуда. 2018 жылы электротехникалық өнімнің импортына байланысты республиканың шығыны 2 млрд. доллардан асты. КМК Investment инвестициялық компаниясының жоспары бойынша жыл сайын комбинат аумағында өңдеу өнеркәсібінде бірегей өндірістерді іске қосу, олар ішкі нарықты дайын жоғары сапалы өніммен 100% - ға қамтамасыз ете алады. 2022 жылға қарай қазақстандық қамту үлесі әрбір шығарылатын өнімде 98-100% -ды құрайды», - деп хабарлады «КМК Investment» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Приходько.
Кейінгі жылдары инвестициялық компания Алматы индустриялық аймағында полиэтилендер мен пропилендер, қорытпалардан жасалған аса жеңіл кабельдік науалар өндірісін іске қосуды, сондай-ақ инновациялық әзірлемелер саласындағы ғылыми-зерттеу институтын ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару органдарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл олардың қабылдаған шешімдерімен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік жобалардың, ел азаматтарының жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен де байланысты.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер талаптарға сәйкес келуге және бақыланатын аймақтан тыс шығатын байланыс арналары бойынша беру кезінде деректерді ашудан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
«КиберСтраж» DLP-кешенін белсенді енгізу – бұл ақпараттың толық қорғалуына, заңнамалық талаптарды орындауға жасалған қадам.
Кешенді енгізу өткен жылы басталды және қазіргі уақытта ол барлық ішкі компьютерлерге енгізілді. Келесі қадам-Сыртқы құрылғыларда тестілеу.
Қашықтан жұмыс режиміне көшуге байланысты қызметкерлердің жұмыс уақытын ескере отырып қиындықтар туындады, бірақ DLP-кешенін енгізу мониторинг жұмыстарын жүргізуге және офистік қызметкерлердің де, онлайн режимде жұмыс істейтіндердің де уақытын бақылауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, «КиберСтраж» көмегімен ішкі техникалық аспектілердегі кемшіліктерді анықтап, ҚР ИИДМ ішкі инфрақұрылымды дамытуға қандай іс-қимылдар көмектесетінін анықтауға мүмкіндік туды.