Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Индустриялық даму
09 апреля 2020
ЕАЭҚ мүше елдер қатысатын кәсіпорындарға жер учаскелерін беру мәселесі талқылаудан және қараудан алынып тасталды

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жалпыхалықтық талқылау жүргізу мақсатында egov порталына жүктелді.

Аталмыш жобада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 қаулысы мен 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын тізбеге енгізу туралы толықтырулар енгізу көзделген.

Бүгінгі таңда аталған қаулы жобасын талқылау барысында мемлекеттік органдар мен аккредиттелген қауымдастықтардан ҚР Үкіметінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қатысатын кәсіпорындарға жер учаскелерін беру құзыреті жоқтығы бөлігінде ескертулер жасалды.

Осылайша ҚР Үкіметі қаулысының жобасы аталған ескертулерді ескере отырып талқылаудан және одан әрі қараудан алынды.

 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Индустриялық даму
09 апреля 2020
БАҚ біз туралы: "Қазақстандағы индустрияландыру: алғашқы қорытындылар мен жаңа сын-қатерлер"

Бағдарламаны іске асыруға тұрақсыз сыртқы орта қатты әсер етеді.

Автор: Роман Иванов

Индустрияландыру – бұл экономикалық саясаттың негізгі бөлігі. Мемлекетке бәсекеге қабілетті индустрия мен қуатты өнеркәсіп қажет. Сондықтан да Елбасы өз уақытында индустриялық-инновациялық даму саясатын бастады.

 

ҮИИД бағдарламасы 2009 жылы әзірленді, бірінші бесжылдық 2010 жылы басталды. Біздің порталға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдігінің басшысы, экономист Әсел Әбен айтып берді.

Толығырақ сілтемеде: 365info.kz 

Индустриялық даму
08 апреля 2020
БАҚ біз туралы: Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындар төтенше жағдай кезінде жұмысын жалғастыруда

Олар жұмысты тоқтатып қана қоймай, өндірістің өсуін көрсетуде

Алиби САРУАР
Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8% - ға өсті. Мұндай деректерді LS-қа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) берді.
Атап айтқанда, тау – кен өнеркәсібі есепті кезеңде 4,7% - ға, ал өңдеу өнеркәсібі 9,4% - ға өсім көрсетті. Сондай-ақ, ведомство карантин кезіндегі кәсіпорындардың жұмысы туралы айтты.
"Қазіргі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жетекшілік ететін өнеркәсіп салалары бойынша өндіріс көлемін қысқарту және кәсіпорындардың қызметін тоқтату жүргізілген жоқ", - деп түсіндірді мемлекеттік орган.
ИИДМ мәліметтеріне сәйкес, түсті кендерді өндіру есепті кезеңде 7,9% – ға, темір кендерін – 21,1% - ға, көмір мен лигнит өндіру-0,1% - ға өсті. Түсті металлургияда өсім 7,9% – ды, қара металлургияда-8,7% - ды құрады. Машина жасау саласы 29% – ға, фармацевтикалық – 25,3% - ға, жеңіл өнеркәсіп-12,4% - ға өсті.

Дереккөз: LS

Индустриялық даму
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
08 апреля 2020
Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары төтенше жағдай уақытында жаңа медициналық бұйымдар шығаруды игеріп жатыр

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шараларға жұмылдырылған.

Бірқатар өндірістер төтенше жағдай шеңберінде өткізілетін іс–шараларға қажетті бұйымдар мен құрылғыларды - автомобиль кедергілері, тоннель дезактиваторлары, медициналық бетперделер, антисептиктер және басқа да бұйымдар шығаруды жолға қойды.

Медициналық бұйымдарды (респираторлар, пластикалық бетперделер, тыныс алу құрылғыларының ұштықтары мен түтіктері, медициналық ұстағыштар және т.б.) өндіру үшін 3D принтерлерді пайдаланудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып,
«Алматыэнергосервис» ЖШС кәсіпорнының өнеркәсіптік мүмкіндіктері іске қосылды. Бұйымдардың сынамалық партиясы медициналық мамандарға сынауға берілді.

Жылжымалы медициналық зертханалар мен бактериологиялық жабдықтармен және медициналық инфрақұрылыммен жабдықталған тез тұрғызылатын медициналық модульдік кешендердің өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері базасында дайындау үшін тактикалық-техникалық тапсырмалар әзірленуде. «Камаз-инжиниринг» АҚ мен «Мидивисана-инжиниринг» АҚ кәсіпорындары өндіріске кіріседі.

Коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайда Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ зауытының өнімдері – өкпені жасанды желдетудің мобильді аппараттарына сұраныс артты. ӨЖЖ аппараттарын шығаруды арттыру мақсатында тәулік бойы өндіріс жұмысы ұйымдастырылды.

«Тыныс» АҚ кәсіпорнының «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ өндірісті оқшаулау есебінен ӨЖЖ аппаратының құрамына кіретін тораптар мен бөлшектердің 498 бірлігі шығарылады.

Индустриялық даму
08 апреля 2020
Алматыдағы жаңа зауыт жылына 100 мың тонна жоғары сапалы болат құбыр шығарады

2020 жылдың екінші тоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданының индустриялық аймағында "Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт құрылысы" жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс алаңының жалпы аумағы- 18,3 гектар. Жоғары технологиялық зауыт құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру үшін "Asia Steel Pipe Corporation" Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны құрылды. Инвестицияның жалпы сомасы 33 млрд. теңгеден асады. Аталмыш жоба 2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасына енгізілген. Сондай-ақ "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасы аясында ҚХР мен ҚР арасындағы негізгі жобалар тізіміне кіреді.

Айта кету керек, құбыр зауыты орналасатын жер ретінде Алматы қаласы логистика және болат орамының негізгі жеткізушісі – Батыс Қытайдағы металлургиялық зауыттарға жақын болу үшін таңдап алынған.

Отандық зауыт жыл сайын 100 мың тоннаға дейін жоғары сапалы құбыр өнімдерін шығарады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта өндірісті 150 мың тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр. Бірінші желі спиральды құбырлар шығарады. Кейін үлкен диаметрлі тік жікті құбырлар желісін іске қосу көзделген.

Зауытта диаметрі 355 мм-ден 1420 мм-ге дейін, ұзындығы 8 м-ден 12,5 м-ге дейін құбыр өнімдерін шығару көзделген. Құбырларды өндіру кезінде беріктігі жоғары X80,  Х100 санатындағы болат қолданылады. Ал құбыр қабырғаларының қалыңдығы 6,4 мм-ден 25,4 мм-ге дейін болады.

Бұл дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Осылайша жаңа зауыт ішкі нарық пен таяу шет елдерді сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт жобасын жүзеге асыру ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2014 жылғы кездесуінің қорытындысы бойынша мүмкін болды. Сол кездесуде "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ мен CNPC арасында мұнай-газ саласындағы кешенді стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Жеңіл өнеркәсіп
06 апреля 2020
2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 18 895 млн. теңгені құрады

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шығарылатын тауарлар құрылымында тоқыма бұйымдары өндірісіне 62 % келеді, киім өндірісіне – 30 % және былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі 8 % құрайды.

Жеңіл өнеркәсіптің қолданыстағы кәсіпорындарының саны 2020 жылғы           1 наурыздағы жай-күйі бойынша 1097 құрады, оның ішінде 12 ірі, 24 орта және 1061 шағын кәсіпорындар.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1,1% құрады.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 18 895 млн. теңге (НКИ-і – 112,4 %) құрады, оның ішінде:

тоқыма бұйымдары өндірісі – 11 695  млн. теңге (НКИ – 111,9 %);

киім өндірісі – 5 610 млн. теңге (НКИ – 109,7 %);

былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі – 1 589 млн. теңге (НКИ – 111,8 %).

Ұлғаю барлық кіші салаларында болды.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда ұлғаю негізінен киімнен басқа, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдары (119,0 %), олардан төсек жаймалары (139,6%), мақта талшығы (153,1%), табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киім аксессуарлары (154,2%), тоқыма емес материалдар және олардан жасалған бұйымдар (120,8%), фетр мен киіз (113,8%), жүннен басылған және киізден жасалған аяқ киім (113,1%), трикотаждан сыртқы киімдер, спорттық, қорғаныс және ортопедиядан басқа (132,3%), сырт киімдерден және трикотаждан басқа, ерлерге немесе ұлдарға арналған (145,1%), қалпақ мен бас киімдер (104,1%), спорттық, қорғаныш және ортопедиялық аяқ киімнен басқа аяқ киім (167,5%), спорттық аяқ киімдерден басқа, үсті былғарыдан жасалған аяқ киім (171,6%).

2020 жылғы қаңтарда жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі                     25,5 мың АҚШ долларын құрады.

Жеңіл өнеркәсіп өнімі импортының көлемі 2020 жылғы қаңтарда 115 мың АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы                  № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде      2020 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында банктер 5,14 млрд. теңге сомасына кредит алуға 28 өтінімді мақұлдады, оның ішінде:

дайын тоқыма бұйымдары – 8 жоба;

мақта-мата - 1 жоба;

кілем және кілем бұйымдары - 1 жоба;

киім, оның ішінде арнайы киім, сыртқы киім, шұлық-ұйық бұйымдары, тоқылған трикотаж бұйымдары - 16 жоба;

аяқ киім - 2 жоба.

2019 жылы 4 жаңа жоба пайдалануға берілді, жалпы инвестиция сомасы     5 млрд.теңге, 849 жұмыс орны құрылды.

Анықтама:

«Бал текстиль» ЖШС - кілем және кілем бұйымдарын шығаратын үшінші цех (3-кезең);

«Назар Текстиль» ЖШС - синтетикалық иірілген жіп өндірісі;

«Azala Cotton» ЖШС - аралас иірімжіп өндірісі (2-кезең);

«Семирамида» ЖШС - өндірісті жаңғырту және жейде өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосу.

Индустриялық даму
04 апреля 2020
"AZALA Textile" тоқыма комбинатында жылына 2,5 млн-нан астам төсек-орын жабдығы шығарылады

"AZALA Textile" тоқыма комбинатында тәулігіне 5 мың төсек-орын жабдығы шығарылады. Осылайша, фабрика жылына 2,5 млн-нан астам төсек жабдықтарын, сондай-ақ 7 млн. данадан астам түкті бұйымдарды шығара алады.

Бүгінгі таңда "AZALA Textile" компаниясы - мақта талшығын өңдеуден бастап, дайын бұйымдарды тігумен айналысатын, яғни өндірістің толық циклін жүргізетін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Мысалы, аршылмаған мақтаны өңдеудің өндірістік қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайды. Ал мақта талшығын шығарудың жылдық көрсеткіші 19 700 тонна.

Компанияның жіп иіру цехы швейцариялық Rieter AG фирмасының жабдығымен жабдықталға. Ол иірімжіпті өндіру бойынша машина жабдықтарын жобалау және өндіру саласында әлемдік көшбасшы саналады. Мұнда жылына 6800 тонна иірімжіп өндіріледі.

Сондай-ақ, "AZALA Textile" тоқыма өндірісі мақта – мата киім маталарын - бөз, миткаль, ені 155-ден 320 см-ге дейінгі атлас, киетін-твилл, дрилл, ені 160 см жартылай панама және орамал түкті, вафельді топтарды дайындайды. Мұнда жылына 35 млн. шаршы метр мата өндіріледі. Айта кету керек, барлық құрылғылар компьютерлік бақылау және жұмыстың белгіленген параметрлерін реттеу жүйелерімен жабдықталған. Осылайша, барлық технологиялық процестің тұрақтылығы сақталуда.

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында 2014-2015 жылдары комбинаттың өндірістік қуаты кеңейтілді. Бояу-өңдеу және тігін цехтары қосылды. Бояу-өңдеу бағытында бояу процесі екі түрлі жүргізіледі: тегіс (матаны белгілі бір түске бояу), сондай-ақ баспада, яғни матаға сурет түрінде бояу жағу. Цехта қоспалы және мақта-мата маталарды, соның ішінде түкті матаны әрлеуге арналған жоғары технологиялық еуропалық жабдық қолданылады.

Бүгінде "AZALA Textile" ЖШС комбинаты өнімнің кең ассортиментін шығарады. Бұл - дайын өңделген маталар, түкті және вафельді сүлгілер мен ақжаймалар, төсек-орын жабдығы, жастық пен көрпе тыстары, балалар тоқымасы, сондай-ақ қатты иірімжіп (100% мақта), қатты маталар (100% мақта, тегіс, түкті, вафельді). Мұнда қонақ үйлерді, демалыс үйлерін, балабақшалар мен лагерьлерді, мейрамханалар мен дәмханаларды кешенді қамтамасыз етуге арналған тоқыма және тауарлар шығарылады. Комбинаттың барлық өнімі ұлттық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған.

Жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын "AZALA Textile" жобасы мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Фабриканы іске қосу импорт алмастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу сынды мақсаттарды көздеді. Бүгінгі таңда компанияда 650 адам еңбек етеді. Өнімнің жоғары сапасының арқасында комбинат Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көшбасшыларының бірі болып қана қоймай, Литва, Латвия, Германия, Италия, Польша, сондай – ақ жақын шет елдерге тауар экспорттайды.

Индустриялық даму
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
03 апреля 2020
Төтенше жағдай кезінде ҚР қорғаныс кәсіпорындары жалпы және медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығаруға жұмылдырылған

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары коронавирустық инфекцияның таралуын жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шараларға жұмылдырылған. Өндірістік бағыттар бойынша да, қаржылық көмек көрсету жағынан да күш-жігер жұмсауда.

 

Конверсия шеңберінде қорғаныс кәсіпорындары жедел тәртіппен жалпы және медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығаруға көшті.

Көкшетау «Тыныс» зауыты медициналық бетперделер шығаруға кірісіп, қазірдің өзінде Ақмола облысының денсаулық сақтау мекемелеріне 110 мың дана бетперде жеткізді. Сонымен қатар, зауытта тағы 2 миллион дана бетперде шығаруға арналған шикізат пен материалдар бар. Осы зауыт жедел жәрдем машиналарына орнату үшін өкпені жасанды желдетудің мобильді аппараттарын шығаруды бастады. Таяудағы екі ай ішінде ӨЖЖ аппараттары Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жедел жәрдем қызметтерінің қажеттілігін жабады. Осыған байланысты зауыт тәулік бойы үш ауысымды жұмысқа ауыстырылды.

Әскери кемелер мен катерлер өндіретін Батыс Қазақстандағы "Гидроаспап" және "Зенит" кәсіпорындары адамдар болатын әр түрлі аймақтарға өту кезінде дезактивацияны қамтамасыз ету үшін инженерлік қоршаулар мен арнайы тоннельдер өндірісін ұйымдастыруға кірісті.

Солтүстік Қазақстандағы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ және «Мұнаймаш» АҚ кәсіпорындары облысты автокөлікке арналған дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз етті.

Түнге арналған әскери аспаптар шығаратын «Қазақстан Аселсан инжиниринг» АҚ Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорны адамның дене қызуын өлшеуге арналған дистанциялық электрооптикалық құрылғылар өндірісін игеруде.

Алматы қаласында орналасқан ұшпайтын қарулар мен практикалық оқ-дәрілер шығаратын Алма-ДК және Қалқан-7 зауыттары арнайы дезинфекциялау құралдары мен қорғау костюмдерін өндіруді ұйымдастырды.

Бұдан басқа, қорғаныс өнеркәсібі зауыттары, соның ішінде № 405 Алматы авиажөндеу зауыты Қарулы Күштерге төтенше жағдай режимі шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыруға қатысатын әскери қызметшілерді дезактивациялық құралдармен қамтамасыз ету үшін қаржылай көмек көрсетті.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары туындаған сын-қатерлерге қарсы шаралардан шет қалмай, республикалық және өңірлік жедел штабтардың міндеттеріне сәйкес COVID-19 таратпауға өз үлесін қосады.

Бұдан басқа, қорғаныс саласының кәсіпорындары бекітілген кестеге сәйкес күш құрылымдары мүддесінде 2020 жылғы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жалғастыруда – әскери мақсаттағы барлық өнім уақытылы және сапалы өндірілетін болады.

Қара металлургия және көмір өнеркәсібі
02 апреля 2020
Жылыту маусымында көмір тасымалдау бойынша ағымдағы жағдай туралы

Ағымдағы жылыту маусымына дайындық басталғалы, яғни 2019 жылдың 1 мамырынан және ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі жағдай бойынша, Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 68,4 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл жылыту кезеңіне арналған жоспардың 101% тең.

Бүгінгі таңда қазақстандық операторлардың теңгерімінде 58 мыңнан астам жартылай вагон бар. Ол вагондардың негізгі үлесі келесі меншік иелеріне тиесілі:

"Қазтеміртранс" АҚ - 49,8% (29 297 бірлік)

"Транском" ЖШС - 12,1% (7 114 бірлік).

Қазіргі уақытта жылыту маусымына көмір тасымалдауға барлық меншік иелерінің 30 мыңнан астам жартылай вагоны тартылған, оның ішінде "Қазтеміртранс" АҚ-ның 14 мыңға жуық жартылай вагоны (60%) бар.

Жүк жөнелтушілерді вагондармен, әсіресе әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмірді) тасымалдау үшін уақытылы қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында.

 

Индустриялық даму
Жер қойнауын пайдалану
02 апреля 2020
Коронавирустық инфекцияны таратпау бағытында ҚР ИИДМ атқарып жатқан шаралар туралы

2020 жылғы 2 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «COVID-19» коронавирустық инфекциясын таратпау бағытында Министрлік атқарып жатқан шаралар туралы айтып берді.    

Министрлік «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, «Көлік бағыттарының онлайн картасын» әзірледі. Осы картаның көмегімен онлайн режімде көлік қатынастарын қарап отыруға болады. Карантин енгізілген қалалар қызыл түспен белгіленген.  

Әуе көлігі саласында Мемлекеттік комиссияның шешімімен бүгінгі таңда халықаралық бағыттарда аптасына 97 бағыт бойынша 440 рейс немесе барлық халықаралық ұшулардың 98% қысқартылды. Барлық тұрақты ішкі рейстер, яғни аптасына 45 бағыт бойынша 540 рейс жабылды. 

Ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап әуе көлігімен Қазақстанға шетел азаматтарының кіруіне, елімізге бет алған рейстерге шетелдіктерге билет сатуға және оларды ұшаққа отырғызуға тыйым салынды. Халықаралық чартерлік рейстермен келетіндерге бақылау күшейтілді. Атап айтқанда, халықаралық чартерлік жолаушылар рейсін атқарған кезде шетел әуе компаниялары жолаушылардың саны мен азаматтығы туралы ҚР ИИДМ-ге хабарлап, әрі қарай ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. 2020 жылғы сәуірдің 1-13 аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына халықаралық тұрақты жолаушылар және эвакуациялық рейстер тоқтатылды.  

Отандастарымызды шетелдерден елге қайтару мәселесін ҚР Сыртқы істер министрлігі үйлестіреді. Отандық әуе компанияларының қажетті ұшырылымдарды атқаруға техникалық мүмкіндіктері бар және ҚР СІМ тарапынан сұраныс болған жағдайда орындауға дайын. Бүгінгі таңда ҚР СІМ-мен бірлесіп, Әзербайжан, Египет, Польша, Иран, Грузия, Үндістан, Ресей, Түркия, Украина сияқты елдерден азаматтарымызды елге әкелу мәселелері пысықталды. Жалпы ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның 7702 азаматы елімізге әкелінді.          

Мамандардың болжамынша, алдағы 6 айда әуе тасымалдарының жалпы көлемі 50% қысқарады. Бүкіл әлемде және Қазақстанда азаматтық авиация коронавирус пандемиясына байланысты қатты зардап шеккен саланың бірі екенін айту керек.    

Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес әуе компанияларына төтенше жағдай уақытында әуе билеттерін айыппұлсыз және толық көлемде қайтару қажеттігі туралы хат жолданды.

Теміржол көлігі саласында ел аумағында төтенше жағдай және жекелеген қалаларда карантиндік режім енгізілген сәттен бастап Қазақстан аумағына бағытталған көрші теміржол әкімшіліктерінің барлық халықаралық пойыздары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық жолаушылар және қаламаңы пойыздары тоқтатылды.     

Еліміз бойынша қатерлі дертті жұқтырғандар санының артуына байланысты әкімдіктер теміржолмен тұрғындар қозғалысын қосымша шектеу бойынша шаралар қабылдады. Теміржол шаруашылығы қызметкерлерін тасымалдауға арналған пойыздарды қоспағанда Қазақстан аумағында қатынайтын барлық теміржол жолаушылар пойыздары тоқтатылды. Жалпы алғанда, 133 жұп жолаушылар және қаламаңы пойыздарының жүруі шектеліп, қалған 24 пойыз бойынша барынша сақтық шаралары қабылданады. Хабарласқан күніне қарамастан жолаушыларға сатып алған билеттерінің құны толық көлемде қайтарылады.  

Автомобиль көлігінің барлық түрлерімен Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен екіжақты жолаушылар және жүк тасымалдау, оның ішінде 117 тұрақты бағыт, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Бірақ, бұл тыйым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылатын халықаралық қатынастағы жүк автокөлігі құралдарымен жүк тасымалдауға таралмайды.      

Сондай-ақ, өңірлерде карантин енгізілгенге дейін және кейін автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды шектеу бойынша ұсыныстар берілді. Ол автовокзалдар, автобекеттер мен жолаушыларға қызмет көрсету тіректері жұмысын, қалалық тасымалды қоспағанда автокөлікпен жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтату; тұрақты қалалық және қаламаңы автобус тасымалын 50%-ға және одан көп көлемде, сондай-ақ олардың тұрақтылығын шектеу; тұрақты қалалық және қаламаңы автобус тасымалының күн сайынғы жұмыс уақытын карантин енгізілген өңірлерде сағат 19-00-ге дейін, өзге өңірлерде сағат 21-00-ге дейін шектеу; қалалық және қаламаңы тасымалындағы автобус салондарында дезинфекция жасау жиілігін арттыру, қалаішілік такси тасымалын шектеу сияқты шараларды қарастырады.        

Теңіз көлігі бойынша ағымдағы жылғы 5 наурыздан бастап Ираннан келетін жүк автокөлік құралдарын Ақтау және Құрық порттары арқылы өткізу тоқтатылды. 16 наурыздан шетелдерден қайтып келе жатқан қазақстандық азаматтарды қоспағанда Ақтау және Құрық порттары арқылы жолаушылар тасымалдау толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ, теңіз порттарына кіру кезінде шет ел кемелерінің экипаж мүшелерінің жағаға шығуына тыйым салынды. Бүгінгі таңда порттарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр. Портқа келетін жүк автокөліктерінің барлығына дезинфекция жүргізіледі. Маңғыстау облысы әкімдігінің шешіміне сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап порттардан шығатын транзиттік жүк автокөліктерін шекараға дейін шығарып салады.          

Қазақстан аумағында өндірілетін тауарлар тізіліміне қатысты Мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алулардың арнаулы тәртібін бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік атқарған шаралар айтылды. «Атамекен» ҰКП мен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ел аумағында өндірілетін тауарлар мен оларды жеткізушілердің тізілімі жасалды. Оған 42 мыңнан астам тауар қамтылды және өзектендіріліп отырады. Аталған шара өндірілген өнімдерді оңайлатылған және басым тәртіпте сатып алуға мүмкіндік береді.    

Медициналық бетперде мен дезинфекциялық құралдар өндірісіне келсек, ағымдағы жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша күніне 1 млн.-нан астам бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 325 мың, тігін кәсіпорындары 680 мың дана өндіреді. Биыл 5 наурызда еліміздегі медициналық бетперде өндірісінің көлемі небәрі 209 850 дана болатын. Өсімге өндірісті кеңейту және қуаттылықты арттыру есебінен, сондай-ақ 70-тен астам тігін кәсіпорнын тарту арқылы қол жеткізілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы ел өңірлеріне таратады.

Бетперде өндірушілері қайырымдылық шараларын да ұмытпады. «Біз біргеміз» акциясы аясында «Mega Pharma» ЖШС еріктілер ұйымдары арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарына 100 мың дана, Түркістан облысы мен Кентау қаласы тұрғындарына 20 мың дана медициналық бетпердені тегін таратты.      

Ағымдағы жылғы 31 наурызда 85 180 литр дезинфекциялық құрал өндірілді. Қоймаларда 158 380 литр бар. Дәріханалар желісіне, көшелер мен ғимараттарды дезинфекциялауға 65 109 литр берілді.

Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ кәсіпорнында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сұранысы (683 аппарат) бойынша өкпені жасанды желдеткіш мобильді аппараттары өндірісін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жасалуда. Жақында Үкімет резервінен өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат бөлінеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық сұранысы толық қанағаттандырылады. Қазіргі уақытта өндіріс үшін Ресейден сатып алынып келген шикізат пен құрастырушы бөлшектерді (15-тен астам өнім) алмастыру бойынша қазақстандық өндірушілермен жұмыс жүргізілуде. Бұл шара карантиндік шараларға байланысты туындаған кешігулерге байланысты қолға алынды.   

    Жер қойнауын пайдалану саласында төтенше жағдай уақытында отандық өндірушілер үшін сатып алулар процедурасы оңайлатылды. 31 наурыздан бастап және төтенше жағдай аяқталғанша жер қойнауын пайдаланушыларға белгілі бір санаттар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы берілді. Бұл шара жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріс көлемін тоқтатпау және төмендетпеуге, сондай-ақ өндірістік процестерге қатысты жұмыскерлер қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.   

Жалпы отандық кәсіпорындар төтенше жағдай уақытында «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының» қолдауына сүйене алады. Орталық тұрақты негізде мемлекеттік ынталандыру шаралары, атап айтқанда көмек алу шарттары мен өтінімдерді рәсімдеу тетіктері бойынша консультациялар береді. Сондай-ақ, отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға кететін шығынның бір бөлігін қайтару және еңбек өнімділігін арттыру бойынша өтінімдерді қабылдауды іске асырады. 

 

ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы