Меню

Бөрлі аудандық мәслихаты

Бөрлі аудандық мәслихатының құрылу тарихы

 

Мәслихат – жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының  Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттеледі. 1994 жылдың 7 наурыздағы сайлаудан соң 1994 жылы сәуір айында депутаттардың бірінші сессиясында  «Бөрлі аудандық мәслихат депуттаттарының жиыны» құрылып, 21 депутат сайланды. Оның ішінде 15 селолық округтен, 6 қалалық сайлау округінен.

Бірінші сессияда Татьяна Николаевна Мищенко Бөрлі аудандық мәслихат депуттатарының  хатшысына сайланды. Т.Н.Мищенконың қоныс аударуына байланысты 1997 жылдың қазанынан 1999 жылдың қарашасына дейін I шақырылымдағы  аудандық  мәслихат хатшысына  Василий Иванович Чигвинцев сайланды.

1999 жылы аудандық мәслихат депутаттар жиынында жаңа сайлау өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша бірінші ұйымдастыру сессиясы өткізіліп, аудан бойынша 13 депутат сайланды. Депутаттар жиынының  мәслихат хатшысы болып Ибрагим Тайырұлы Ізмағамбетов  сайланды. Ибрагим Тайырұлы Ізмағамбетов  1999-2012 жылдары I ,II ,III шақырылымдағы  Бөрлі аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы № 149 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» Заңына сәйкес,  2002 жылы 27 тамызда Батыс Қазақстан облысы Әділет басқармасында тіркеуден өтіп «Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі  болып құрылды.

2012 жылы 22 қаңтарда аудандық мәслихат депуттарының кезекті сайлауы өтті. 13 депутат сайланды. Оның ішінде 11 ер адам, 2 әйел адам. Бөрлі аудандық мәслихатын 2012 жылдың желтоқсан айында өткен сайлауда Әділхан Әпиұлы Куликешев мәслихат хатшысы болып сайланды. Әділхан Әпиұлы 2012-2020 жылдары V,VI шақырылымдағы Бөрлі аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

2021 жылдың 15 қаңтарында VIІ шақырылымдағы мәслихат хатшысы болып  Қайрат Төлегенұлы Ермекбаев  сайланды.

2023 жылдың 30 наурызында  VIІІ шақырылымдағы мәслихат төрағасы болып  Қайрат Төлегенұлы Ермекбаев  сайланды.

Депутаттар аудандық мәслихат қызметінің   басты мақсатын  айқын  көрсете білді. Мәслихат және депутаттардың негізгі жұмысы: экономиканың дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, орта және шағын бизнес, білім, денсаулық және мәдениеттің дамуына, қоршаған ортаны қорғау, аз қамтылған отбасыларға мекен-жайлық көмек , азаматтардың құқықтық мүдделерін қамтамасыз ету. Депутаттар тұрғындардың әр мәселесін  терең ұғынып, жете саралап, оны ойдағыдай шешуге ат салысуда.

 

Қазіргі уақытта ел игілігі үшін еңбектерін көрсетіп жүрген 7 шақырылым мәслихат депутаттары өз күштері мен білімдерін тәжірибелік сұрақтарды ойдағыдай шешуге, Қазақстан Республикасының болашағының гүлденуіне жұмсауда.

Мекен-жайы 090300, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99
Кеңсе 8 (71133) 20-8-08
e-mail maslihat@maslihatburlin.gov.kz
   
1
Пресс центр
Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Бөрлі ауданы бойынша аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Бөрлі аудандық мәслихатының  хабарламасыБөрлі ауданы бойынша аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөрлі аудандық мәслихатының хабарламасы
24-25 қараша күндері Бөрлі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған параметрлері» бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралды.24-25 қараша күндері Бөрлі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған параметрлері» бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралды.
Мәслихат төрағасы  К.Ермекбаев аудандық  мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын өткіздіМәслихат төрағасы К.Ермекбаев аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын өткізді
2025 жылғы 19 қараша күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар  бірлескен отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті2025 жылғы 19 қараша күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар бірлескен отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті
Направления
Полезные ссылки
Аудандық мәслихаттың Aitube арнасы
Документы
Об утверждении Правил использования веб-портала государственных закупок и Правил работы веб-портала государственных закупок в случае возникновения технических сбоев работы веб-портала государственных закупок
2024-10-09T00:00:00Z
О государственных закупках
2024-07-01T00:00:00Z
О государственных услугах
2013-04-15T00:00:00Z
Вакансии
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 02.11.2023 жылға дейін)
2022-08-31
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 02.11.2023 жылға дейін)
2022-09-06
Календарь событий
Услуги
Слайды
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Мәслихат аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты