«Бөрлі ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Бөрлі ауданының  Құрметті азаматы»  атағын беру туралы

«Бөрлі ауданының

Құрметті азаматы»

атағын беру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы №26-4 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын тағайындау бойынша Ережелер туралы» шешімін басшылыққа алып және Бөрлі ауданы әкімінің 2026  жылғы 21 тамыздағы  №6-15/886  ұсыныс хатын қарап, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Бөрлі ауданының Құрметті азаматы» атағы мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері Булат Атауллович Калиевке берілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Бөрлі аудандық

мәслихатының төрағасы                                   К.Ермекбаев