Меню
Страницы

ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН

 

     Жайықтағы қиын жағдайды тек бір жұдырыққа бірігіп, елдің ауызбіршілігін қарсы қойғанда ғана еңсеруге болады. Жергілікті билік тұтқаларының, еріктілердің, жастардың, мекеме мен кәсіпорындар өкілдерінің қазіргі жанкешті еңбегіне сырттан қарап отыру жараспайды. Сондықтан БҚО аумақтық сайлау комиссиясының және су тасқыны аумағындағы аудандардың сайлау комиссияларының мүшелері тасқынға қарсы шаралардың бел ортасында жүр. Бәйтерек, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарындағы әріптестер жергілікті жерде, кейбірі облыс орталығына келіп, көмектерін көрсетуде. Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының мүшелері әскерилер мен еріктілерге тамақ дайындауға араласып кетті. Облыстық комиссия мүшелері қапшықтарға құм толтыру ісінде белсенді. Өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері бір күндік жалақыларын қорға аудару жөнінде бірауыздан шешім алды. 

Социальные медиа
Youtube.com
Instagram.com
Twitter.com
Facebook.com
Меню подвал
Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития