https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/activities/12647?lang=kk&parentId=12630
2. Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/activities/64877?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/activities/65521?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/documents/details/405859?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/activities/13289?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/activities/59354?lang=kk&parentId=59353
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/activities/65980?parentId=9467
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/activities/56903?lang=kk&parentId=12622
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/activities/54214?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-taskala/activities/8766?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/activities/63211?lang=kk&parentId=8710
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/activities/12350?lang=kk&parentId=12347
Комиссияның орналасқан жері:
090000, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45, каб. 105, 114,115,116,117.
код: 8( 7112)24-16-67; 24-31-01; e-mail: tic_zko_obl@saylau.kz
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, 42, Жаңақала аудандық білім бөлімінің ғимараты. Тел: 8(71141) 2-19-51
1 |
Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы |
төрағасы |
2 |
Кайрекешов Жастилек Яхиевич |
төрағасының орынбасары |
3 |
Төлеуғалиева Жадыра Бақытжанқызы |
хатшысы |
4 |
Аткешева Анаргуль Барадосовна |
комиссия мүшесі |
5 |
Умбетов Талгат Тлеубаевич |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Тасқала ауылы, Абай көшесі, 22, «Тасқала аудандық демалыс орталығы» МКҚК ғимараты. Тел: 8(71139) 2-16-17
1 |
Шукуров Самиголла Рахметуллович |
төрағасы |
2 |
Саратаев Шынгелды Сундеткалиевич |
төрағасының орынбасары |
3 |
Кенжебаева Гульнар Орынгалиевна |
хатшысы |
4 |
Тагаева Анаргуль Ерболатқызы |
комиссия мүшесі |
5 |
Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 59, «Ақжайық аудандық демалыс орталығы» МКҚК ғимараты. Тел: 8(71136) 5-01-04
1 |
Абдулова Бакит Ильясовна |
төрағасы |
2 |
Биманов Руслан Бирлесович |
төрағасының орынбасары |
3 |
Каирманова Фариза Русланқызы |
хатшысы |
4 |
Габдушева Жанар Жетисовна |
комиссия мүшесі |
5 |
Бакиров Алибек Жардемович |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі № 6 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақсай қаласы, 2 шағынаудан, 7А үй, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты. Тел: 8(71133) 5-27-70
1 |
Актауов Мукамбетгалий Куанышевич |
төрағасы |
2 |
Куюшева Аккагаз Молдагалиевна |
төрағасының орынбасары |
3 |
Асаналиева Рада Темірғалиқызы |
хатшысы |
4 |
Кимашева Зульфия Амангельдиевна |
комиссия мүшесі |
5 |
Максутова Орынша Ертлеуовна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №7 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жымпиты ауылы, Алаш Орда көшесі, 11, «Сырым» МКК ғимараты. Тел: 8(71134) 3-12-89
1 |
Уашев Утеген Кайыржанович |
төрағасы |
2 |
Сарсенов Ерлан Жолдыбаевич |
төрағасының орынбасары |
3 |
Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы |
хатшысы |
4 |
Исатаева Кенжегуль Есмухановна |
комиссия мүшесі |
5 |
Халит Қайсар Яудаұлы |
комиссия мүшесі |
|
|
|
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №8 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Мөңкеұлы көшесі, 114/1, №47 орта мектеп ғимараты. Тел: 8(7112) 25-43-33
1 |
Саттыков Нурлан Нариманович |
төрағасы |
2 |
Давлетов Серик Рахимович |
төрағасының орынбасары |
3 |
Абдрахманова Индира Сапаровна |
хатшысы |
4 |
Абдрахманова Уразганым Коштаевна |
комиссия мүшесі |
5 |
Бахитжанова Акмарал Талгатовна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145, Орал қаласының білім бөлімінің ғимараты. Тел: 8(7112) 50-01-08
1 |
Темирханова Акжаркын Мутиголлина |
төрағасы |
2 |
Галиева Флюра Бактыгереевна |
төрағасының орынбасары |
3 |
Сахасова Шынжибек Хабдилшапиховна |
хатшысы |
4 |
Абдрахманова Ботагоз Бакиткалиевна |
комиссия мүшесі |
5 |
Шналиева Толкын Каиржановна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Темір Масин көшесі, 48/1, жоғары агротехникалық колледж ғимараты. Тел: 8(7112) 50-09-02
1 |
Масалимов Али Хайдарович |
төрағасы |
2 |
Сариев Елдос Ерсаинович |
төрағасының орынбасары |
3 |
Беркалиева Перизат Азаматқызы |
хатшысы |
4 |
Гумарова Майра Булатовна |
комиссия мүшесі |
5 |
Жиналеева Дарига Салимовна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №11 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Хамид Чурин көшесі, 121, «Отбасы» орталығының ғимараты. Тел: 8(7112) 30-72-45
1 |
Жүніс Талшынай Орынбекқызы |
төрағасы |
2 |
Даулетиярова Мариэтта Тархановна |
төрағасының орынбасары |
3 |
Мусина Кундыз Беймбетовна |
хатшысы |
4 |
Ерболова Динара Галимжановна |
комиссия мүшесі |
5 |
Сундеткалиева Гульнур Еркиновна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №12 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Шыңғырлау көшесі, 7/1, «Агрореммаш» заводының ғимараты.
1 |
Ихсанова Жамал Сагынгалиевна |
төрағасы |
2 |
Туркина Жанна Сериковна |
төрағасының орынбасары |
3 |
Айтжанова Гульмира Дамировна |
хатшысы |
4 |
Саханов Азамат Узаккайырулы |
комиссия мүшесі |
5 |
Халбаева Гульшара Мехмановна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №13 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Самал көшесі, 74, эстетикалық бағыттағы мектеп –гимназия ғимараты. Тел: 8(7112) 24-03-40
1 |
Ганиева Света Кадырбаевна |
төрағасы |
2 |
Ақболатов Айдарбек Ахметович |
төрағасының орынбасары |
3 |
Тастемирова Самал Данияловна |
хатшысы |
4 |
Кайырлиева Айнур Миразатовна |
комиссия мүшесі |
5 |
Уралов Макат Шарипович |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Строитель ықшамауданы, 21/1, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің ғимараты. Тел: 8(7112) 23-39-00
1 |
Далбаев Мухамбеткали Сагитович |
төрағасы |
2 |
Кереев Ерлан Габиденович |
төрағасының орынбасары |
3 |
Чожикова Жадыра Махсотовна |
хатшысы |
4 |
Галиева Найля Хайрбулдиевна |
комиссия мүшесі |
5 |
Елеуова Альмара Амантаевна |
комиссия мүшесі |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №15 округтік сайлау комиссиясының құрамы:
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орал қаласы, Карбышев көшесі, 60, жастар мәдениеті сарайының ғимараты
1 |
Шамкелова Ганди Изтургановна |
төрағасы |
2 |
|
төрағасының орынбасары |
3 |
Муталипов Илиар Мусажанович |
хатшысы |
4 |
Капаева Шынар Датовна |
комиссия мүшесі |
5 |
Хангужина Гулсайра Жумагельдиевна |
комиссия мүшесі |
Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін, әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіретін фактор. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», - деді мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшы тараптан жалған қорытынды шығару т.б. атауға болады.
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия жұмысы жоспарлы, тұрақты негізде жүргізілуде. Комиссия құрамында құқық қорғау, тексеру құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері бар. Өткен жылы өткізілген комиссияның 4 отырысында 13 мәселе талқыланды.
Өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық мемлекеттік органдар үшін орындалуы міндетті №4 үлгілік базалық бағыт - «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы оң серпін беруде.
Нәтижесінде облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылған жүйелі жұмыстар өз жемісін беріп, жылдан жылға сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері азайып келеді.
Атап айтқанда мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің 97,8%-ы электрондық түрде көрсетіледі, бұл қызмет алушының қызмет берушімен байланысын қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға әсерін тигізуде. Сонымен қатар, өңірдегі сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында барлық мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалынан жыл сайын мемлекеттік қызметшілер біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізу жүйеге қойылды.
Осы орайда, ең бастысы сыбайлас жемқорлық бойынша тіркелген қылмыстық іс 2023 жылмен салыстырғанда өткен жылы 64,5 пайызға азайғаны – жүйелі жүргізілген жұмыстардық нәтижесі деп білемін.
Дегенмен, жемқорлықтың жолын кесу бойынша жұмыстар әлі де жалғаса береді. Өйткені қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білген жөн.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2025 жылы 1 қаңтарына атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты.
2024 жылдың III тоқсан бойынша облысымызда жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%, 15-35 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
Ұлттық статистика Бюросының мәліметіне сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 354 286 адам, жұмыспен қамтылған халықтың саны 337 283 адам, жалдамалы қызметкерлердің саны 247 912 адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 89 371 адам, жұмыссыз адамдардың саны 17 003 адам.
2024 жылы 22 815 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 2025 жылдың 1 қаңтарына 25 210 адам әр түрлі шараларға жолданды. 18 977 адам жұмысқа орналастырылды.
- 638 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 647 адам жолданды.
- 1 981 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1 677 адам жолданды.
- 1 933 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3 955 адам тартылды.
- 250 адамды алғашқы жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 256 адам жолданды.
- 308 адамды «Күміс жас» жобасына жолдау жоспарланып, 326 адам жолданды.
- 18 адамды «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жолдау жоспарланып, 19 адам жолданды.
- 3 555 адамды «Бастау Бизнес» жобасына жолдау жоспарланып, 3 623 адам жолданды.
- жұмыс берушілердің сұратуы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 405 жұмыссыз адамды білім беру ұйымдарында оқыту жоспарланып, 411 адам жолданды.
- 395 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 389 адамға грант берілді..
- 1 605 адамды әр түрлі мамандық бойынша онлайн оқыту жоспарланып, 1 810 адам оқыды.
Бұдан басқа, жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына 11 459 адамды тұрақты жұмыс орнына орналастыру жоспарланып, есепті кезеңге 12 097 адам орналасты.
Жұмыс орындарын құру бойынша. 2024 жылы облыс бойынша 13 221 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 2025 жылдың 1 қаңтарына 16 777 (126,9%) жұмыс орны құрылды, соның ішінде 9 897 (59,0%) тұрақты, уақытша және маусымдық 6 880 (41,0%) жұмыс орындары.
Жалпы құрылған жұмыс орындарының 10 790 (64,3%) – ауылдық жерде.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша:
Жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік қолдау көрсету бойынша үнемі жұмыстар жүргізуде.
Атаулы әлеуметтік көмек (ары қарай - АӘК) 1 742 отбасына оның ішінде 8 744 адамға 729,0 млн.теңгеге көрсетілді. АӘК алушылар қатарында 721 көпбалалы отбасы.
2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық/қалалық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес:
Қайырымдылық көмек 11 550 отбасына 245,0 млн.теңгеге көрсетілді.
Әлеуметтік қорғау:
Облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 24719 адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 3130.
2025 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша 16868 мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер алушылардың 16277 қамтамасыз етілді, немесе 96,5% қамтамасыз етіліп отыр (2024ж. жоспар-95%).
Анықтама: Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту бағытында 2363 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 1811 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтіқ оңалту бағытында 366 адам сурдологиялық көмекпен 2267 адам тифлотехникалық құралдармен, 762 адам кресло-арбамен, 7633 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 804 адам жеке көмекші қызметімен, 271 адам ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы енгізілді. Аталған порталға, барлық 1740 объект тіркелген, 1181 объект немесе 68% толық бейімделген.
2023 жылы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы бірлескен іс-шаралар жоспарын 85 тармағы «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту» бойынша 2027 жылға дейін 1200 объектіні 4 санатты мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуда стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр.
Осы ретте, 2023 жылдан бастап жаңадан 20%, 2024 жылы 40 %, осылай 2027 жылға дейін барлық объектілер 100 % болуы керек.
2024 жылы 219 объектіні бейімдеу жоспарланып, толық бейімделді.
Облыс бойынша Бөкейорда, Шынғырлау аудандарынан басқа, 10 ауданда және Орал қаласында Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 308,8 млн.тенге қарастырылып, қазіргі уақытта Инватакси қызметі мүгедектігі бар адамдарға 4 бағыт бойынша 1005 мүгедектігі бар адамдарға (оның ішінде 507бала) қызмет көрсетілді.
Анықтама: 1-бағыт - тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарды;2-бағыт –жүріп-тұруы қиын көзі көрмейтін 1 топ мүгедектігі бар адамдарын және көзі көрмейтін мүгедектігі бар балаларды; 3- бағыт - жүріп-тұруы қиын психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балаларды; 4-бағыт-жүріп-тұруы қиын онкология дертіне шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер облыс бойынша стационарлық үлгідегі 11 орталық, жартылай стационарлық үлгідегі 1 орталық, 2 күндізгі болу бөлімшесі, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 31 бөлімше, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, 5 үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетіледі.
2025 жылдың 1 қаңтарына 6057 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.
Соның ішінде: қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар тұлғалар – 3325, психоневрологиялық ауытқушылығы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар – 1242, мүгедектігі бар балалар – 588, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 150, тұрғылықты жері жоқ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар – 752.
Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығының құрылысы аяқталды.
2024 жылдын 4 тоқсанында ішкі аудит қызметі 2 жұмыс тобы құрамында 6 объектіде (Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарының әкімі аппаратары, «Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ) тексерулер жүргізуге қатысты.
Сонымен бірге 2 аудит объектісінде аудиторлық іс-шаралар жүргізілуде: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (тоқтатылып тұр).
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2024 жылдың 4 тоқсанында ақпараттық жүйелердің деректеріне талдау жүргізіліп қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою туралы бюджет әкімшілеріне 4 хат жолданды (Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Тасқала ауданы әкімі аппараттарына).
ІАҚ
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы А.Г.Балаева өңірлік комиссиялардың жұмысына белсенді қатысып жүрген тұлғаларға ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.
Батыс Қазақстан облысында марапаттау рәсімі әкімдіктің Астана залында өтті. Іріктелгендер қатарына «Қазақстан» республикалық телерадио кешені Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қамбетова Клара Мусақызы, БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұлтанғалиев Ернар Тимурұлы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Губайдуллина Айнаш Жұбанышқызы болды.
Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев, сондай-ақ облыс әкімінің кеңесшілері қатысты.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Аталған отырыс жұмысына комиссия мүшелерімен қатар жергілікті жерлердегі комиссия төрағалары болып табылатын аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Отырыс барысында қатысушыларға Батыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Утебалиева Шаттық Саматқызы таныстырылып, куәлік табысталды.
Одан әрі бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде құқық бұзушылық профилактикасы саласының ағымдағы жай-күйі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстық комиссиямен қабылданған шаралар, олардың орындалу сапасы, қысқы каникулды ұйымдастыру, суицидтің, буллингтің, балалардың жарақаттануының алдын алу, пробациялық бапқылаудағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу туралы және басқа да мәселелер талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев өз баяндамасында бұл отырыстың істердің ағымдағы жай-күйін талдауға, кемшіліктер мен олардың салдарын нақтылауға, жұмыс перспективаларын, соның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «келеңсіздіктердің» алдын алу, болдырмау шараларын күшейтуге бағытталғанын, ағымдағы жағдай балалардың құқықтарын сақтау саласында проблемаларды алқалы түрде және нақты шешу қажеттігін айқындайтынын атап көрсетті.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы барлығы үшін қауіпсіз және теңдей қоғам құруға маңызды қадам болып табылады. Ол гендерлік зорлық-зомбылық онымен күресуді қажет ететін проблема екенін білдіреді және әр адам оның шешімін табуына өз үлесін қоса алады. Акцияға қолдау білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және басқа да жауапты тұлғалармен бірлесе, тиісті кең ауқымды іс-қимылды жүзеге асыруға бастамашы болды.
Батыс Қазақстан облысында аталған акция тиісті республикалық және облыстық іс-шаралар жоспарларына сәйкес өткізілді және барлық елді мекендерді қамтыды. Іс-қимылды үйлестіруші аудандық (қалалық) деңгейдегі әкімдіктерді қоса, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия болды.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсаны - Халықаралық адам құқықтары күні облыс бойынша акцияның қорытынды іс-шаралары өтті, солардың бірі «Отбасылық бақыт үшін» конференциясы болып табылады. Аталған іс-шараны «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе ұйымдастырды. Оған құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, студенттер, ЖОО оқытушылары, журналистер қатысты. Жұмыс барысында зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауаптылық, әйелдер мен балалар құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамадағы соңғы өзгерістер, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тәжірибесі, ана мен баланы қолдау, әйелдердің жұмыспен қамтылуы және жеке өсуі, сондай-ақ көптеген басқа да мәселелер талқыланды.
Барлық қатысушыларға акцияны қолдау белгісі ретінде қызғылт сары түсті таспаша және ақпараттық үнпарақтар берілді. Талқылау қорытындысы бойынша ұсынбалар қабылданды.