Батыс Қазақстан облысы
әкімі аппаратының басшысы
Б.А.Батаевқа
Ағымдағы жылдың 19-тамыз күні «Үздік ауыл әкімі» республикалық
конкурсының Батыс Қазақстан облыстық деңгейдегі комиссиясының отырысы онлайн форматта өткізілді.
Өңірлік конкурстық комиссиясының отырысында ауылдық округ әкімдерімен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігі мен бейнеролик мазмұны ескеріліп, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін анықтайтын сауалнама қорытындысы мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері де қаралды.
Аталған конкурсқа Батыс Қазақстан облысының 14 ауыл әкімі қатысып, нәтижесінде, ауылдық округ әкімдерінің арасынан өңірлік конкурстың жеңімпазы болып Тасқала ауданы Шежін ауылдық округі әкімі Жамбыл Алғадай Жамбылұлы танылып, ол Республикалық деңгейге облысымыздың беделін қорғау құқығына ие болды.
Агенттікпен аталған іс-шараны жүзеге асыру бекітілген Әдістемелік нұсқаулықтың 19 тармағына сәйкес, Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің жалпы тізімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) және тиісті облыстық әкімдіктің (бұдан әрі – Әкімдік) интернет-ресурстарында жарияланады.
Осы ретте, Департамент Батыс Қазақстан облыс әкімі аппаратының интернет-ресурстарында жариялау үшін Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің жалпы тізімін жолдайды.
Қосымша 1 парақта.
Департамент басшысының
міндетін атқарушы А.Жұбаныш
Г.Давлетова
( 8 /7112/ 504638