Меню
Страницы

Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков

Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының барлық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты ретінде:
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу;
  • бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып анықталсын.
  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 2 мамырынан бастап 2025 жылғы 30 мамырға дейін белгіленсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпарат ұсынсын.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы Ә.Ж.Халидуллинаға жүктелсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

        Негіздеме: Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 08-10/2351 хаты негізінде 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс–қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының жүзеге  асыру жоспары.

          

                 Басқарма басшысы

          Н.Мақсотов

Батыс Қазақстан облысының

жер қатынастары

басқармасы басшысының

2025 жылғы 23 сәуірдегі

№ 30-н бұйрығына қосымша  

  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының персоналдық құрамы

 

Ашикпаев Жуматай

Имангалиевич

Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы

 

 

Жумагалиев Наримжан

Кауышович

 

Ширшова Анна  

Владимировна

Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімінің бас маманы

 

Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі басшысының м.а.

 

Дюсемалиева Венера

Нурлановна

 

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау  бөлімінің басшысы

 

Халидуллина Алия

Жангировна

 

Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы

 

Магзумов Даурен Заирович

 

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

 

Социальные медиа
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК