ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ТЕРЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 23 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Теректі ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Теректі сайлау округі бойынша:

Теректі ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Ағымдағы жылғы 23 шілдедегі сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 25 шілдедегі №31 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси  газетінде  жарияланатынын хабарлайды.

 

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
23 июля 2023