2012 жылы Тасқала аудандық маслихатына сайланған депутатттар

2012 жыл Тасқала аудандық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармағына, 44-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына және 46-бабының 3-тармағына сәйкес округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Тасқала аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

№1 Ақтау сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-972 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-776, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Жумашев Жумагерей- 180, Жусупов Берик-145, Шинбаев Нурбек-432.

Аудандық мәслихат депутаты болып Шинбаев Нурбек Асылбекович сайланды, Ақтау ауылының тұрғыны, «Шинбай» ШҚ басшысы.

№2 Амангелді  сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-930 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-904, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Даужанов Талап- 163, Ислямгалиева Жанна- 88, Федосов Виктор Николаевич-647.

Аудандық мәслихат депутаты болып Федосов Виктор Николаевич сайланды, Амангелді ауылының тұрғыны, «Чижа-І» ЖШС директоры.

№3 Элеватор сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1026 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-617, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Айткалиев Избасар-91, Вологина Любовь- 136, Рахимов Сансызбай- 360.

Аудандық мәслихат депутаты болып Рахимов Сансызбай Бактыгалиевич сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» ХДП-ның Тасқала аудандық филиалының төрағасы.

№4 Камен сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1029 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-710, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Абдрахманов Серник-118, Бисенгалиева Жанар-315, Залиев Махсат-224.

Аудандық мәслихат депутаты болып Бисенғалиева Жанар Нүрболатқызы сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, Тасқала аудандық мәдени- демалыс орталығының директоры.

№5 Маметова сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-971 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-710, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Есенбаев Нурболат-54, Жанекенов Бауыржан- 191, Фролов Владимир- 454.

Аудандық мәслихат депутаты болып Фролов Владимир Викторович сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны,  Ы.Алтынсарин ЖОББМ мұғалімі.

№6 Ленин сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1073 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-730, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Завгарина Вердана-242, Нурмухамбетова Марзия-340, Шукурова Замзагуль-99.

Аудандық мәслихат депутаты болып Нурмухамбетова Марзия Казиевна сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, «Тойған» шаруа қожалығының басшысы.

№7 Абай сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1016 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-611, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Жамансариев Жарас-333, Кадырберлиев Малик-164, Турманов Рашид- 71.

Аудандық мәслихат депутаты болып Жамансариев Жарас Николаевич сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, «Арай» шаруа қожалығының басшысы.

№8 Мереке сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1002 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-837, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Ажгиреев Каиржан-370, Бекбулатов Жанболат-241, Нурмагамбетов Даурен.-168.

Аудандық мәслихат депутаты болып Ажгиреев Кайржан Джанабекович сайланды, Мереке ауылының тұрғыны, «Технология строительногопроизводства» ЖШС-нің техникалық қадағалау инженері.

№9 Семиглавомар сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1018 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-958, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Аманбаев Сары-Тау Жолдауұлы-427, Мамбетов Есим-414, Нурмуханов Асылхан-103.

Аудандық мәслихат депутаты болып Аманбаев Сары-Тау Жолдауұлы сайланды, Ынтымақ ауылының тұрғыны, «Аманбаев» шаруа қожалығының басшысы.

№10 Қазақстан сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-963 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-928, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Аубакова Жанслу-147, Измагамбетов Аскар- 439, Нарыков Мэлс-317.

Аудандық мәслихат депутаты болып Измагамбетов Аскар Кадырович сайланды, Атамекен ауылының тұрғыны, Совхоз ОЖББМ директоры.

№11 Логашкин сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-1053 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-1028, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Исмагамбетов Нурберген-361, Сарсенбаев Алибек-466, Ташимова Мария-190.

Аудандық мәслихат депутаты болып Сарсенбаев Алибек Наубетович сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, «Тасқала Дән» ЖШС директоры.

 

№12 Шежін сайлау округі бойынша:

Жалпы сайлаушылар саны-977 , соның ішінде дауыс беруге қатысқандар-875, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Базаралиев Жасталап -221, Бисенгалиева Мира-257,Дуйсекешева Нурия-283.

Аудандық мәслихат депутаты болып Дуйсекешева Нурия Мадиевна сайланды, Тасқала ауылының тұрғыны, Тасқала аудандық емхананың терапевт дәрігері.

Дата публикации
24 мая 2023