Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)  жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті: 

1) «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылының шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы»;

2) «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылының шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы»;

3) "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылының даму және құрылыс сызбасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»;

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «EUROBASIS» (Евробазис) ЖШС

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: "Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

СЭБ әзірлеуге жауапты: БҚО Шыңғырлау ауданының әкімдігі.                       

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2039 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 қазанына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 16 қазан).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. 

СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Жобалаушы «EUROBASIS» (Евробазис) ЖШС және Шыңғырлау ауданының әкімінің сайтында (сілтемені енгізу).

ГП Акбулак СКРИНИНГ экология