«Мәңгілік сен ғана ...»
Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде дәл осындай атаумен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев нәзік жандыларды төл мерекелерімен құттықтап, биылғы «Жұмысшы мамандығы» жылы аясында бір топ ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектерге алғысхат пен сыйлықтар табыстады.
Олардың қатарында: қаратөбелік Тамара Еркинова, аққозылық Мейрамгүл Омарова, ханкөлдік Гүлайым Қыдырашева, қаракөлдік Гүлжан Зейнуллина, қоскөлдік Айгүл Ысмағұл, егіндікөлдік Нұргүл Ғабдеш, сулыкөлдік Мәншүк Жанделдиева, саралжындық Сәния Есмурзина, қаратөбелік Сақыпжамал Рахметова, Алмаш Туешова, Фатима Құбашева, Жанар Абугалиева, Айнұр Төлеповалар бар.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары көктемнің шуақты мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұсынды.
Концерттік бағдарламада Р. Жұмағалиеваның орындауындағы «Ана», Байтеміровтердің орындауындағы «Мерекем сен», «Жеті әуен» воокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен С.Байтеміровтың орындауындағы «Анаға сый», «Жеті әуен» воокалды аспаптар ансамблінің орындауындағы «Мама», «Арын» тобының орындауындағы «Ұяласың», Т.Қыдырғалиевтің орындауындағы «Төрт маусым», Н.Нұрбекқызы мен Н.Байыровтың орындауындағы «Жаным», қыздар мен жігіттердің орындауындағы «Сен сұлу» әндері шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концертік бағдарлама барысында Мерей Амангелді «Анасына қоңырау»- атты монологын орындаса, мәдени-демалыс орталығының жігіттері керемет көрінестер көрсетіп көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.
Әйелдер мерекесіне арналды
6 наурызда аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында волейбол, бес асық, мылтық атудан мекемеаралық жарыс өтті.
Айтулы мерекелік сайысты аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Оралбай Берікұлы ойын ережелерімен таныстырып өтті. Командалар екі топқа бөлініп, аталмыш кешен залы мен Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт залында ойнады.
Волейбол ойыны 8 команда арасында тартысты өрбіді. Жарысқа қатысушы ойыншылардың жеңіске деген жігері жоғары болды.
Шебер ойын өрнегін көрсеткен командалар финалға шықты. Бірінші орынға таласқан Мұхит атындағы орта мектептің қыздары мен Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешені командасының ойындары көрермендер көңілінен шықты.
Жарыс қорытындысында Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы озық шығып, жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орынды Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы иеленсе, ІІІ орын аудан әкімдігі қыздарының командасына бұйырды.
Жарыс жеңімпазы Мұхит атындағы орта мектептің командасы 50 мың теңге, Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы 30 мың теңге, аудан әкімдігінің командасы 20 мың теңге қаржылай сыйлықтар және медальдармен, арнайы кубоктармен марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен мәдениет бөлімінің командасы марапатталып 10 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Жекелеген ойыншылар арасында көзге түскен Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешені командасының мүшесі Ирина Шабдарова «Үздік қорғаушы», аудан әкімдігі командасынан Жанаргүл Сафи «Үздік ардагер ойыншы», Мұхит орта мектебі командасынан үздік ойынымен танылған Айту Мәулетова «Үздік ойыншы», мәдениет бөлімінің командасынан шебер ойын өрнегін көрсеткен Нұргүл Нұрбекқызы «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болды. Аталымдар иелері диплом және 2000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Бес асық ойынында шебер ойын өрнегін көрсеткен аудан әкімдігі атынан шыққан Мейрамгүл Кенжеғалиева І орын иемденіп жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназияның атынан қатысқан Ұлмекен Сайынова иеленсе, ІІІ орынға мәдениет бөлімінен қатысқан Ақбота Владимирова тұрақтады.
Мылтық ату сайысы бойынша І орынды Шөптікөл мектебінен қатысқан Малика Ертілеуова еншілесе, ІІ орынды аудандық аурухана атынан шыққан Айзада Сапарғалиқызы иемденді. ІІІ орынға аудандық полиция бөлімінен қатысқан Әсем Оңғарова тұрақтады.
Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жеңіске жеткен командалар мен аталымдар иелерін құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
І,ІІ,ІІІ орындарды иеленген командаларға өз ұжымдары атынан да сыйлықтар табысталды.
Бүгін Қаратөбе аудан орталығынан «Әлібек 2» жеке бебекжайы ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылды.
Бала тәрбиелейтін орынның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев арнайы қатысты. Мерейлі сәтте сөз алған аудан басшысы тәрбие ошағының табалдырығын аттаған өскелең өрендерге жарқын болашақ тілеп, ауыл тұрғындарын ортақ қуанышпен құттықтады.
– Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Балаларға сапалы білім беріп, қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Осы мақсатта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы орайда ауданымызда 2021 жылдың қараша айында 125 орындық «Әлібек» жеке балабақшасы ашылса, бүгінгі таңда 100 орындық «Әлібек2» жеке бөбекжайы ашылғалы тұр. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу керсеткішін ұлғайтып, балалардың балабақшаға кезекке тұру санын азайтуда.
Ауданымызда қазіргі танда 23 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Балабақшалардағы бала саны 770 бала болса, мектептегі мектепалды сыныптарда 285 бала бар. Ауданымызда 1-3 жас аралығында 111
бала кезекте тұр. Жеке бөбекжайдың ашылуы 1-6 жастағы балалардың
қамтылу көрсеткішін 95% ұлғайтады.
Осы істе жеке кәсіпкердің белсенділігі қуантады. Заманауи үлгіде жаңа балабақшаны ашуда бастамашыл болған азамат Айбар Бралиевке алғысымды білдіремін, - деді.
Сонымен қатар, ардагер ұстаз Звайра Жақсығалиқызы жиналған көпшілікті қуанышты жаңалықпен құттықтап, ғимараттың ашылуына қолдау білдіріп, септігін тигізген азаматтарға ақ батасын арнады.
Бөбекжайдың лента қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы және Звайра Жақсығалиқызы жүргізіп, аудан басшысы бөбекжайды толықтай аралап шықты.
Қазіргі заманға сай қалыпқа келтірілген мекемеде балғындар үшін мектепке дейінгі сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуға мүмкіндік мол. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балалардың алаңсыз ойнап, жан-жақты болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың игілігі үшін әзірге төрт топ жұмыс істейді. Есігін елге айқара ашқан бөбекжайдың арқасында жергілікті 8 адам еңбекке тартылып, 50 балғын тәрбиеленуде.
«Еңбек ерлікке бастайды»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ағымдағы жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына байланысты еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу мақсатында дәл осындай атаумен бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде алғашқы еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, өзінің алғырлығы мен табандылығының, еңбекқорлығының арқасында ауданда бірнеше лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған, ауданның әлеуметтік жағдайы мен экономикасын дамытуға зор үлес қосқан елге сыйлы ардагер Орынғали Ермекқалиевтің 85 жасқа толуына арналған кездесу кеші өтті.
Ең әуелі сахнадағы бейнеролик арқылы Орынғали Бәкесұлының өмірдерегі мен еңбек жолы, елге көрсеткен елеулі қызметтері таныстырылды.
Құрметті ел ағасының мерейлі жасына орай ұйымдастырылған іс-шараға «Құрылыс комплексі және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиальның төрағасы Ғарапша Сахипов, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы ардагерлері кеңесінің Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Құсайын Мұқанов қатысты.
Сахнаға мерейтой иесі, өнегелі ақсақал Орынғали Бәкесұлы құрметпен шақырылды.
Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы Орынғали Бәкесұлын 85 жасымен құттықтап, ағаның иығына шапан жапты. Сонымен қатар аудан басшысы Алғыс хатын және Батыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады.
– Құрметті іс-шараға қатысушылар, қадірменді жерлестер бүгін ел ағасы Орынғали Бәкесұлының 85 жасқа толуына арналған кездесу кешіне келіп отырмыз. Орынғали аға осы елдің азаматы, еңбегін еліне арнаған арқасүйер ақылгөй ағамыздың бірі.
Ағаның туған күнінің өзі ерекше күн, 8-наурыз. Орынғали аға өзінің еңбекқорлығының арқасында қарапайым еңбек адамынан осындай жоғары дәрежеге жетіп, елге сыйлы болып, еңбегінің жемісін көруде, - деді Қадыржан Орынбасарұлы.
Кезінде Орынғали ағамен бірге жұмыс жасаған әріптесі «Құрылыс комплексі және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиальның төрағасы Ғарапша Әділұлы мерейтой иесі Орынғали Бәкесұлына арнаған жылы лебізін айтып, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық кәсіподақтар ұйымының құттықтау хаттары мен марапаттарын табыстап, кезінде Орынғали ағамен бірге жұмыс жасаған Орал қаласында тұратын бір топ әріптестерінің жалынды сәлемдемелерін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған ағаның үзеңгілес әріптесі Құсайын Мұқанов та мерейтой иесі Орынағали Бәкесұлын мерейлі 85 жасымен құттықтап, "Еңбек ардагері" медалін табыстады.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары Таңат Жексенбаев - «Әкелердің орны бөлек», Тұрарбек Қыдырғали – Кейде бір ағалар болады» әндерін орындап, іс-шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Кездесу кешін жүгізуші Ақылбек Амантаев, ағаға біраз сауалдар қойды. Сауалдарға байланысты Орынғали аға өзінің өткен балалық шағы мен еңбек жолы, өмірдегі арманы, Жазушылар Одағының облысымыз бойынша төрағасы болған жазушы Н.Корсуновтың Орынғали аға мен бауыры Қуаныш аға туралы жазылған «Ағайындылар» атты очеркі туралы әңгімелеп, жастарға айтар ақылын жеткізді.
Мерекелік іс-шара Сәнжан Байтеміровтың орындауындағы «Менің әкем жақсы адам» әнімен мәреге жетті.
Орал қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалы 1 сәуірден бастап Орал қаласында кезекшілік кестесі бойынша Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлайды. Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00 - ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 13 00-ге дейін жүргізіледі..
Бұл ретте Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан ХҚКО жұмыс күндері сағат 9: 00-ден 18:00-ге дейін әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.
Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Жәңгір хан көшесі, 160. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00 – ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бүгін аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында волейбол, бес асық, мылтық атудан мекемеаралық жарыстың ашылу салтанаты өтті.
Айтулы мерекелік сайысты аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Оралбай Берікұлы ойын ережелерімен таныстырып өтті. Командалар екі топқа бөлініп, аталмыш кешен залы мен Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт залында ойнауда.
Волейбол ойыны 8 команда арасында тартысты өтуде.
Зейнет жасымен құттықтады
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмаз Елбаевтың зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты жиын өтті.
Қиын да жауапты қызметті абыроймен атқарып келген Алмаз Амангелдіұлын аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев зейнет жасымен құттықтап, алғысхат табыстады.
- Сіз еңбек жолыңызды қатардағы полиция қызметкерінен бастап, басшылық лауазымға дейін жоғарылап абыройлы қызмет атқардыңыз. Қызмет аткарған уакытыңызда аудан тұрғындарының талап-тілегін уақытылы қанағаттандырып, зандылықтың сақталуы жолында нәтижелі еңбек еттіңіз. Сіздің басшылығыңызбен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіліп, ауданымыздың құкық қорғау жүйесінде құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлес қостыңыз.
Сізге, аудан халқының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы атқарған еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бүгінгі мерейлі күнмен құттықтай келе, алдағы зейнеткерлік өміріңізде деніңізге саулық, ұзак ғұмыр, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін, - деп естелік сыйлық табыстады.
Жиында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мәулен Қожахметов, БҚО бойынша ерікті мүгедектер қоғамы Қаратөбе ауданы филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, әріптесі Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Айзат Серіков жылы лебізін білдіріп, қызметтегі біліктілігі, жұмысына жауапкершілігі, мінезінің ұстамдылығы турасында әңгімелеп, отбасына амандық тіледі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу отырысы өтті
28 ақпанда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Алдымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезекті комиссия отырысының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №1 хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспектор Нұржан Сахиповтың хабарламасы тыңдалды.
Көктемгі су тасқыныңынң алдын алуға бағытталған жұмыстар бойынша хабарлама жасаған Нұржан Хамидоллаұлы:
– Көктемгі кезеңнің төтенше жағдайларының алдын алу мақсатымен елді мекеннен қар шығару, су арналарын тазарту тағы да басқа жұмыстарды ұйымдастыру бойынша округтерде тиісінше жұмыстар атқарылуда.
Тұрғын үйлерді аралап, су тасқыны туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы түсінік беріліп, түбітектер таратылды, - дей келе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын бақылауға алып, ондағы су өткізгіш құбырлардың ашық күйде болуын қамтамасыз ету, су тасқынна бейім елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын жасақтауды ұйымдастыру жүмыстарына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы осы салаға жауапты орынбасары Мүхтар Шайжановқа, округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Шын жүректен»
Дәл осындай атаумен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев ауданымыздағы қарапайым еңбек адамдарымен кездесіп, Алғыс айту күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнап, құрмет көрсетті.
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Көктемнің алғашкы белгісіндей болатын осынау мереке қазақ жеріндегі татулық пен бірлікті, молшылық пен Тәуелсіздікті нығайта берсін!
Айтулы мереке қарсаңында Сіздерге алғысымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт тілеймін, - деді.
Кездесуде Әділхан Еркебаев, Зыбайлы Омарқызы, Гүлжан Дүйсенқызы, Ғалымжан Тимурұлы, Есқайыр Қамитұлы, Жоламан Жеңісұлы, Сембай Сәрсенұлы, Шыңғыс Әкімғалиұлы, Мәрия Бартайқызы, Жүсіп Мәуленұлы және Әлия Жанұзаққызы аудан әкімінің алғысына бөленді.
Басқосуда қарапайым жандар еңбек жолдарына тоқталып, елдің дамуы турасында ойларын айтып, қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Кеште Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем әндер шырқады.
«Ашық әкімдікте» тұрғындарды қабылдады
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 28 ақпан күні Қаратөбеде «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтті. Аталған іс-шарада аудан әкімі, аудандағы мекемелер мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.
Аудан әкімінің қабылдауында ауданның Сулыкөл, Алакөл және Қаратөбе ауылының тұрғындары болды.
Қабылдауға келген тұрғындар үйілерінің болмауына байланысты баспана сұраса, енді бірі тұруға жарамсыз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек қажеттігін жеткізді.
Аудан басшысына жолыққан бірқатар тұрғын жұмыссыз екендіктерін айтып жұмысқа орналастыруға ықпал етуін өтінді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қойылған мәселелерге байланысты аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы тиісті жауаптарын айтып, заң шеңберінде түсініктер берді.