

|
Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобын құру туралы |
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Қаратөбе аудандық прокуратурасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 2-0609-20-00700 наразылығы негізінде, енгізілген карантин режимі кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жасау мақсатында:
1.Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобы құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2.Мониторингтік топ Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауына бақылау жұмыстарын жүргізсін.
3.Мониторингтік топ өз жұмысында Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларын басшылыққа алсын.
4.Аудан әкімінің кейбір өкімдері жойылсын:
1) Аудан әкімінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 69 «Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың карантин режимі талаптарының сақтауын бақылау бойынша мониторингтік топ құру туралы» өкімі;
2) Аудан әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 167 «Аудан әкімінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 69 «Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың карантин режимі талаптарының сақтауын бақылау бойынша мониторингтік топ құру туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы» өкімі.
5.Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
Ж.Асантаев
Аудан әкімінің 2020 жылғы « 2 »
желтоқсандағы № 201 өкіміне қосымша
Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобы құрамы
|
Сафуллин Нұртас Набиоллаұлы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а., мониторингтік топ жетекшісі
|
||
|
Топ мүшелері: |
|||
|
Тойшыбаев Асхат Жәнібекұлы
Серіков Айзат Серікұлы
|
БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалының директоры (келісім бойынша)
Аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры (келісім бойынша) |
|
|
|
Марбанова Набира Оралбекқызы |
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас-инспектор заңгері |
|
|
|
Ауылдық округ әкімдері
Ауылдық округтер бойынша учаскелік полиция инспекторлары |
|
|
|