Сулыкөл (бұрынғы атауы - Қалдығайты) — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Сулыкөл ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, Қалдығайты өзенінің оң жағалық жайылмасында, көкпек, бетеге, еркекшөп басым өскен шалғынды-қөңыр, сортандау қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Іргесі 1930 жылдары шаруашылықтарды ұжымдастыру негізінде қаланды. Бұрын "Соналы" ауылы деп аталып келген. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. 1957-1997 жылдары "Қалдығайты" қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қалдығайтыда және округтегі Темірбек, Төлен, Үшана ауылдарында 36 шаруа қожалығы құрылды.2024 жылға халық саны 2021 адам. Аула саны 465 үй, 49 шаруа қожалық бар.
| адрес | РК, ЗКО, Қаратобинское район, Сулыкольский сельский округ, село Сулыколь улица Жумалиев, дом №31 |
| офис | 8(71145)23-2-25, 8(71145)23-1-42 тел.факс, 8(71145)23-1-97 |
| е-mail | sulykol_kense@bko.gov.kz |