Меню

Страницы

Статья

Көшеттер мен тұқымдарға қойылатын фитосанитариялық талаптар

Бәйтерек ауданы аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтау үшін өсімдіктер карантині және қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлардың жұмысы маңызды. Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы тұрғындардың назарын шет елдерден немесе Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан бақтарға, көкөніс бақшаларына, егістік алқаптарына сапасыз отырғызу материалдарын сатып алу арқылы түрлі аурулар мен зиянкестердің әкеліну қаупіне аударады.

Карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес тұқымдық және отырғызу материалдары карантиндік объектілерден таза болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тұқымдық және отырғызу материалдары қаптамада болуы және өнімнің атауы, ел, өндірілген жері, экспорттаушы туралы ақпаратты қамтитын таңбалауға ие болуы тиіс. Көрсетілген таңбалауы жоқ немесе қапталмаған тұқымдық және отырғызу материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тұқымдар мен көшеттер партиялары фитосанитариялық бақылауға жатады. Фитосанитариялық қаупі жоғары карантиндік өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тек экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметтері берген фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Әкелінген карантиндік өнімдер тағайындалған пунктте қайтадан карантиндік тексеруден өтеді.

Тұқымдық және отырғызу метериалдары карантиндік тексеруден өткеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор иесіне карантиндік бақылау актісін береді, тексеру кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландырады.

Егер әкелінген тұқымдық және отырғызу материалдары партияларында карантиндік зиянды организмдер аңықталса, олар залалсыздандыруға, кері қайтаруға немесе жоюға жатады.

Карантиндік өнімді екінші рет тексеруге ұсынбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 400-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке қарастырылады.

 

  

Назгуль Убаева

ҚР АШМ АӨК МИК

Бәйтерек аудандық аумақтық

инспекциясының бас маман -

өсімдіктерді қорғау және  карантині

жөніндегі  мемлекеттік инспекторы

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
05 марта 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
05 марта 2026
Көшеттер мен тұқымдарға қойылатын фитосанитариялық талаптар
Информация
25 февраля 2026
Экспортталатын және импортталатын карантиндік өнімдерге карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу
17 февраля 2026
«О дне назначения референдума»

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК