Меню

Страницы

Статья

Экспортталатын және импортталатын карантиндік өнімдерге карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу

Карантиндік өнімдер Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерден және  бөтен текті түрлерден таза күйде әкелінеді, карантиндік объектілер мен бөтен түрлердің тізбесіне сәйкес, оларға қатысты өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленеді және жүзеге асырылады. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде импорттық және экспорттық карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының аумағына ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығымен бекітілген карантиндік өнім әкелінген жағдайда, ол карантиндік фитосанитарлық бақылауға жатады.

Бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына тасымалданатын, жоғары фитосанитарлық тәуекелге жататын карантиндік өнімнің әрбір партиясы уәкілетті орган беретін фитосанитарлық сертификатпен бірге жүреді, оның қолданылу мерзімі фитосанитарлық сертификат берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.

   Әкелу кезінде бастапқы фитосанитарлық бақылау мынадай іс-шараларды қамтиді:

  1. Құжаттық тексеру
  2. Көлік құралдарын тексеру
  3. Карантиндік өнімді тексеру және қосымша тексеру –жоғары фитосанитарлық тәуекелге жататын карантиндік өнімге қатысты.

   Карантиндік өнім тізбесіне сәйкес жоғары фитосанитарлық тәуекел тобына жатқызылған карантиндік өнім (күнбағыс тұқымдары, бидай, арпа, картоп, жемістер және т.б.) экспортаушы елдің уәкілетті органы берген фитосанитарлық сертификатпен бірге жүруге тиіс.

    Карантиндік өнімнің жеткізілу орнына келген кезде екінші реттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүргізіледі.

     Карантиндік өнімнің иесі келгені туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етеді және келген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізу орнында карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін карантиндік өнімді ұсынады.

Фитосанитарлық тәуекелге жататын карантиндік өнім жеткізілген жерде фитосанитарлық сертификаттың тұпнұсқасы карантиндік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен алынып қойылады.

     Карантиндік өнімді карантиндік тексеруден өткізгеннен және өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор өнім иесіне тексеру сәтіндегі карантиндік өнімнің карантиндік жағдайын куәландыратын карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді.

 

Назгуль Убаева

ҚР АШМ АӨК МИК

Бәйтерек аудандық аумақтық

инспекциясының бас маман -

өсімдіктерді қорғау және  карантині

жөніндегі  мемлекеттік инспекторы

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
25 февраля 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
30 июля 2026
КГУ«Центр оказания специальных  социальных услуг на дому» отдела занятости и социальных программ района Бәйтерек объявляет конкурс на замещение вакантных должностей по гражданской службе
16 июля 2026
Для наблюдателей
15 июля 2026
Номера Call центров для избирателей

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Политика конфиденциальности
Экранный диктор
Термины и обозначения
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Жизненные ситуации
Концепция цифровой трансформации
Сайт Премьер-Министра РК
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Президента РК