Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік кызмет көрсету
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет – уәкілеті органдардың өсімдік өнімдерінің қозғалысын бақылау және қадағалау жөніндегі міндетті рәсімдерді іске асыруға бағытталған қызметі.
Мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаты – карантиндік объектілердің таралуын болдырмау және фитосанитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
- Фитосанитариялық сертификат беру. Фитосанитариялық сертификат – карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін, тұқымдық материалдарды және т.б. экспорттау кезінде қажет. Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Егер карантинге жататын өнім тез бұзылатын өнімдерге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) жататын болса, фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.
- Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын ұйымдарға (объектілерге) есепке алу нөмірлері беріледі. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Назгуль Убаева
ҚР АШМ АӨК МИК
Бәйтерек аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман -
өсімдіктерді қорғау және карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы