Меню
Страницы

«Еңбек Жолы» конкурсы

«Еңбек Жолы» конкурсы

Ақжайық ауданында «Еңбек Жолы» конкурсы бойынша еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың өңірлік кезеңіне қатысуға құжаттар қабылдау бастады.

Аталған конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері (қызметкерлері) ережеге сәйкес қатыса алады. Байқау 3 номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі мен ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. Аудандық іріктеуден өткен жеңімпаз облыстық деңгейге қатысу үшін жолдама алады.

Өтінімдерді 15 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдайды.

Конкурс туралы ақпаратты «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі ережесінен таныса аласыздар.

Толық ақпаратты  87113691390, 87113692345 байланыс телефондары арқылы алуға болады.

 

Социальные медиа
Instagram
facebook
Меню подвал
Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития