Меню
Страницы

«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі оздырылды

«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі оздырылды

«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі

 

Қазіргі заманда технология күн сайын дамып, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Соның ішінде робототехника саласы ерекше қарқынмен дамуда. Роботтар өндірісте, медицинада, білім беру жүйесінде, тіпті күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып жатыр. Осыған байланысты жастардың робототехникаға қызығушылығы артып, түрлі ғылыми жобалар мен байқаулар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «My Robot» облыстық байқауы.

Байқаудың мақсаты- 10-18 жас аралығындағы оқушылардың роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету.

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай  «МТЖО» МКҚК базасында «My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 команда  4 категориядан:

  • «Инновациялық роботтар» категориясы:14-18 жас аралығында;
  • «Көкпар» категориясы:14 – 18 жас аралығында;
  • «Арқан тартыс» категориясы:10 – 13 жас аралығында;
  • «Теңге алу» категориясы:10 – 13 жас аралығында 25 оқушы бақтарын сынады.

Төрешілердің шешімдері  бойынша «Көкпар» категориясынан:

І орын- Талғат Алихан, Тұяқ Алижан  (Т.Жароков атындағы ЖОББМҒ.),  жетекшісі-Талғатов Дархан Талғатұлы;

ІІ орын- Еболат Нұрәлі, Сенер Нурали  (Аблуллин атындағы ЖОББМ),  жетекшісі-Мендешов Мершат Салауатович;

ІІІ орын- Сағынғали Ердар, Иса Ермұхаммед (Т.Жароков атындағы ЖОББМ),  жетекшісі-Талғатов Дархан Талғаұлы.

«Арқан тартыс» категориясынан:

І орын- Нұрышев Сағындық, Нұрболат Тайман  (Т.Жароков атындағы ЖОББМ),  жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы;

ІІ орын- Боранбаев Арлан,Мақаш Мансұр  (Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ),  жетекшісі- Темиргалиев Нурлыбек Мурадымович;

ІІ орын-Серік Қайсар, Базарбай Әли (МТЖО),  жетекшісі- Сағадатов Елдос Базарбайұлы;

ІІІ орын- Мелхат Алпамыс (Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ),  жетекшісі -Мендешов Мершат Салауатович.

«Теңге алу» категориясынан:

І орын- Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ),  жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы.

«Инновациялық роботтар» категориясынан:

І орын- Ирсайын  Рахат  (Т.Жароков атындағы ЖОББМ, МТЖО),  жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы, Сағадатов Елдос Базарбайлы;

ІІ орын- Жасталап Еларыс, Құбайдолла Әлижан  (М.Иксанов атындағы МББК),  жетекшісі- Имангалиев Асылхан Аскарович;

ІІІ орын- Иса Ермұхаммед, Қуанғали Жансерік (Т.Жароков атындағы ЖОББМ),  жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы.

Робототехника – тек техника жасау емес, ол болашақты құру. Бүгінде дамыған елдерде роботтар қауіпті жұмыстарды атқарып, адамдардың еңбегін жеңілдетуде.  Мұндай жаңалықтар адамзат өмірін жақсартуға бағытталған.

«My Robot» байқауына қатынасу – әр оқушы үшін үлкен тәжірибе. Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, тың идеяларымен бөліседі. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттырып, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Әсіресе IT және инженерия саласына қызығатын жастар үшін мұндай жарыстар үлкен мүмкіндік болып табылады.

Робототехника  – болашақтың маңызды салаларының бірі. Ал «My Robot» сияқты байқаулар жас өнертапқыштардың қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі ізденімпаз оқушы – ертеңгі білікті инженер әрі жаңашыл маман.

Барша оқушыларымыз робототехника жарысында өте жоғары нәтиже көрсетті, өздерінің білімін, ептілігін және шығармашылық жұмысын көрсете білді.  Бұл жетекші педагогтарының үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбектерінің нәтижесі. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз бен бағыт-бағдарларыңыз оқушылардың үлкен жетістікке жетуіне жол ашады. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!

Оқушыларымызға тың идея, сарқылмас шабыт, батыл қиял және жеңіс тілейміз! Әр жобаңыз сәтті болып, еңбектеріңіз жоғары бағалансын. Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін!

 

«My Robot» байқауы баршаңызға жаңа мүмкіндік, тәжірибе және жарқын жеңістер сыйласын! Сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК