"МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ" семинар-практикум
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Т.Жароков атындағы ЖОББМ базасында білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерінің олимпиада есептерін шешу әдіс-тәсілдерін үйрету, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында "МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ" тақырыбында семинар-практикум оздырылды. Семинарға білім беру бөліміне қарасты мектептерден 25 мұғалім қатынасып ЕСЕНГАЛИЕВА МЕНСУЛУ ТЕЛАГИСОВНА (“Т.Жароков атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші), ГУСМАНОВ АЛМАБЕК МАКСИМОВИЧ (“Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші), КУНИСБАЕВ БЕКНУР САРСЕНБАЕВИЧ (“Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы), ТЕМИРЖАНОВА МИРГУЛ ЖАНБУЛАТОВНА (“Ұзынкөл ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-модератор), ШАПАҒАТОВА ГУЛЬСАРА ШАПАҒАТОВНА (“Т.Жароков атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-модератор) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында тапсырмалар талданды, есептер шығарылды, тренингтер ұйымдастырылды, мұғалімдер белсенді қатысып әдістемелік қоржындарын толықтыра түсті.