
«Математикалық регата»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық байқауының аудандық кезеңі оздырылды.
Іс-шараға аудан бойынша білім беру ұйымдарынан 28 математика пәні мұғалімдерінен құралған “Алгоритм”, “П”, “Пифагор”, “Лемма”, “Интеграл”, “Радикал” командалары қатысты.
Байқаудың мақсаты педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, қоғамдағы имиджін қалыптастыру, мәртебесін өсіру.
Байқау қорытындысы бойынша: І дәрежелі грамотамен “Алгоритм” командасы -Г.Ш.Шапагатова, С.С. Хамитқызы, Е.Б.Габдрахимов, И.С.Кадыров; ІІ дәрежелі грамотамен “Пифагор” командасы -Н.Г.Машанова, Б.Н.Рамазанов, Б.С.Кунисбаев, М.Ж.Темиржанова; ІІІ дәрежелі грамотамен “П” командасы-Н.Н.Абесов, А.Б.Газезов, Е.Н.Кабдиров марапатталды.
«Факториал» командасы Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Есенгалиева Менсулу Телагисовна, Сәбитова Светлана Хамитқызы , Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Гусманов Алмабек Максимович, Ғ.Сарбаев атындағы МББК-нің математика пәні мұғалімі Кабылнасиров Ардак Елемесович облыстық байқауға жолдама алып аудан намысын қорғайтын болады.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып алдағы облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!!