
Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ-сі базасында математика, физика және информатика пәнінің мұғалімдері арасынан оқушыларды олимпиадаға дайындаумен және өзін – өзі жетілдірумен, келешекте тұлғалық және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді қолдау мақсатында АББ -не қарасты білім беру ұйымдарының математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 25 педагог қатынасып өз білімдерін шыңдады. Байқаудың міндеті талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін математика,физика және информатика пәндері мұғалімдерін анықтау және мұғалімнің кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту.
Әділқазылар шешімімен математика пәнінен:
І орын-Кунисбаев Бекнур Сарсенбаевич («Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ» КММ);
ІІ орын – Темиржанова Миргул Жанбулатовна (« Ұзынкөл ЖОББМ» КММ);
ІІІ орын – Сәбитова Светлана Хамитқызы («Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ);
Физика пәнінен:
І орын-Марданов Аяби Батыйұлы («Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ);
ІІ орын – Бисенгалиева Алия Ескариевна (« Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ» КММ);
ІІІ орын – Кенжебаева Оралсын Оңайғалиқызы («Е.Ниеткалиев атындағы ЖОББМ» КММ);
Информатика пәнінен:
ІІІ орын- Уахитов Исетай Нурланович («Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ) иеленді.
Барлық қатысушыларымыздың еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып жетістіктері көбейе берсін дегіміз келеді.
Облысқа жолдама алған әріптестерімізге сәттілік тілейміз!!!