Меню
Страницы

«РобоМаңғыстау-2025» Батыс аймақтық чемпионатының аудандық кезеңі өтті

«РобоМаңғыстау-2025» Батыс аймақтық чемпионатының аудандық кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні  аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында «МТЖО» МКҚК базасында «РобоМаңғыстау-2025» Батыс аймақтық чемпионатының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Чемпионатқа «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ, «Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ»ККМ, «Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ» КММ, « №1 мектеп-лицейі» КММ, «МТЖО» МКҚК  тәрбиеленушілері мен 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары командалары (2-11 сынып оқушылары) қатынасты. Аудандық чемпионат келесі категориялар бойынша өткізілді: «Робо-ГИД» жарысы (2015-2008ж.ж.), «Роботтардың арқан тартысы» жарысы (2018-2015ж.ж.), «Робо-Аламан бәйге» жарысы (2016-2013ж.ж.), «Робо Боз жорға» жарысы (2014-2010ж.ж.), «Робо-көкпар» жарысы (2018-2015ж.ж.), «Робо-күрес» жарысы (2016-2011ж.ж.),

«Робо-Жекпе жек» жарысы (2018-2011ж.ж.). Чемпионат төрешілерінің шешімі бойынша:

«Робо-ГИД» жарысы – Нұрлан Шыңғыс, Есбол Ұлан – «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ -  жетекшісі  Утегенов Мырзабек Нурланұлы;

«Роботтардың арқан тартысы» жарысы – Таңат Санжар, Ерболат Нұрәлі – жетекшісі Мендешов Мершат Салауатович;

«Робо-Аламан бәйге» жарысы – Сағынғали  Алмат -«Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ -  жетекшісі  Рахмушев Мэльс Шайхоллаевич;

«Робо Боз жорға» жарысы -  Нурышев Сағындық-«Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ -  жетекшісі  Талғатов Дархан Талғатұлы;

«Робо-көкпар» жарысы - Хасимов Карим, Темірхан Айлана- «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ -  жетекшісі  Талғатов Дархан Талғатұлы;

«Робо-күрес» жарысы -  Мақаш Мансұр, Боранбаев Арлан -«Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ» КММ – Темиргалиев Нурлыбек Мурадымович, Абатов Руханият Ержанұлы; Муса Әділ - «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ -  жетекшісі  Утегенов Мырзабек Нурланұлы;

 «Робо-Жекпе жек» жарысы – Амангелді Ераман – «МТЖО» МКҚК – Сағадатов Елдос Базарбайұлы оқушылары категориялар бойынша жүлделі І орынға ие болып 24-25 сәуір күндері Ақтау қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алды.

Чемпиондарымызды құттықтаймыз!!!  Қадамдарына сәттілік тілейміз. Алар асулары биік болсын демекпіз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК