
14 наурыз күндері Орал қалалық білім беру бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» базасында облыстық «NatRoboCom-2025 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы өткізілді. Жарысқа 10 ауданның, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Республикалық физика-математикалық мектебі, Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептер мен облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталықтарының «Роботтық техника» үйірмелерінің 8-17 жас аралығындағы оқушыларынан 63 команда қатысты. 📌 Жарыс «Робо ақ сүйек», «Робо арқан тартыс», «Робо қыз қуу», «Робо асық ату» категориялары бойынша болды. Ауданымыздан үздік шыққан командалар “Ақ сүйек” “Қыз Қуу” “Асық ату” “Арқан тартыс” бағыттыры бойынша бақтарын сынап келді.
"Робо арқан тартыс" категориясы бойынша;
🥈орын: Серік Қайсар мен Базарбай Әли
"Ең үздік ұлттық киім" номинациясымен бағалы сыйлыққа иә болды.
Оқушыларымызға толағай табыс, жетекшісі Елдос Базарбайұлына жетістікке жетер шәкірттерінің көп болуын тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!