
Ағымдағы жылдың 12 наурызы күні "№1 мектеп-лицеці" КММ базасында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, оқушылардың функционалдығын дамыту үшін тиімді тапсырмаларды талдау, шешу жолдарын қарастыру және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Функционалдық сауаттылыққа дайындық: тапсырмаларды талдау, шешу жолдары» тақырыбында аудандық семинар оздырылды. Семинарда білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері Ғ.Абдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ - Зейнетуллаев Азамат Мелхатович - «СER және комикс әдісін қолдану арқылы оқушылардың PISA тапсырмаларын шешу дағдыларын дамыту» , «Х.Халиуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Урумбасарова Мадина Сағындыккызы – «Физикадан функионалдық сауаттылыққа бағытталған есептердің шешу жолдары», «Е.Ниетқалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Кенжебаева Оралсын Оңайғалиқызы – «Функционалдық сауаттылыққа дайындық: тапсырмаларды дұрыс талдау және шешу жолдарын жүйелі қалыптастыру», «Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Досжанова Альбина Талгатовна- “Физика сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру”, аудандық білім беру бөлімінің ақпараттандыру технологиясы және МИФ пәндерінің әдіскері- Кадирова Айсулу Ибраимовна –«Физикадан функионалдық сауаттылыққа бағытталған есептерді талдау» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында тапсырмалар талданды, топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді, интеллектуалды ойын, тренинг ұйымдастырылды, мұғалімдер белсенді қатысып әдістемелік қоржындарын толықтыра түсті.