
Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні «МТЖО» МКҚК базасында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, аудандық «NatRoboCom-2025 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру және «Наурыз айт», «Көрісу айт» мерекелеріне орай ұйымдастырылу мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа «М.Иксанов МББК» КММ, «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ, «А.Оразбаева атындағы НОМ» КММ, «Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ» КММ, «Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ» КММ-нен және «МТЖО» МКҚК тәрбиеленушілерінен 21 оқушыдан сұраныс түсіп 8-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары командалары 4 ктегория бойынша 17 оқушы қатысты. Әр категория бойынша командада оқушы саны екеуден болды.
Төрешілердің қорытындысы бойынша кестеде көрсетілген оқушылар жүлделі І орынға ие болды.
"МТЖО"" МКҚК" , жетекшісі Сағадатов Елдос Базарбайұлы.
«Робо арқан тартыс»- Серік Қайсар Қазбекұлы, Базарбай Әли Елдосұлы;
«Робо асық ату»- Амангелді Еламан Ернарұлы, Ибатов Артур Едігеұлы;
«Робо қыз қуу - Қанатов Аманжан Сағынтайұлы.
"Т.Жароков атындағы ЖОББМ" КММ, жетекшісі Талғатов Дархан Талғатұлы.
«Робо ақ сүйек» - Нұрлан Шыңғыс Мырзабекұлы, Ирсаин Рахат.
Облысқа жолдама алған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!