
Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай 2025 жылдың 12 ақпанында «Алтын ұя» бөбекжайында «Сабақтастық-сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында семинар өтті.
«Сабақтастық-сапалы білім берудің кепілі» семинары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында өткізілетін кәсіби дамыту шарасы болып табылады.
Семинарда педагогтар мен әдіскерлер үшін мектепке дейінгі білім беру процесіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету, жаңашыл әдіс-тәсілдер мен нормативтік-құқықтық талаптарды түсіндіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар өзара педагогикалық тәжірибе алмасты.
Бұл семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру сапасын көтеруге және педагогикалық әдіс-тәсілдерді жаңартуға мүмкіндік береді.