Меню
Страницы

Алтын тұғырдан көрінген ұстаздар

Алтын тұғырдан көрінген ұстаздар

        2025 жылдың 6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен облыстық білім басқармасы, аудандық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

      Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде біліктілігін анықтау және қолдау, шеберлігін дамыту.

     Олимпиаданың облыстық кезеңінде 14 педагог бақтарын сынады.
     Олимпиаданың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар бөлінді:
      ІІ орын – Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Гүлмаржан Төлегенқызы,

     ІІІ орын -Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Қуаншалиева Салтанат Жардемқызы, Ө. Сахипов атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Әбішева Айман Жылқайдарқызы, Өнеге бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Жаннат Амангелдіқызы

     Мұғалімдердің орындаған жұмыстарын қорытындылай келе, ерекше жетістігі үшін қатысқан Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Абдрешева Нұргүл Сайфуллақызы, Қуаншалиева Салтанат Жардемқызы, Құсаинова Назгүл Салахаддинқызы, Ғұмарова Индира Берікқызы, Есетова Бибинұр Жұмабекқызы, Жұмағалиева Гүлмаржан Төлегенқызы, Смағұлова Перизат Ерболатқызы, Идрисқалиева Нұргүл Мұқанбетқызы, Ғабдрахимова Дина Талғатқызы, Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Сабырғалиева Гүлнар Зейнқызы, Х.Халиуллин атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Сапарова Лиза Қарасайқызы, Жакина Нұргүл Тұрымтайқызы, Өнеге бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Жаннат Амангелдіқызына СЕРТИФИКАТ табысталды.

      Әріптестерімізге шығармашылық табыстар, сәттілік тілейміз!

Барлық жүлдегерлерді жеңісімен  Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК