Меню
Страницы

«МАТЕМАТИКАЛЫК РЕГАТА» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

«МАТЕМАТИКАЛЫК РЕГАТА» байқауының облыстық  кезеңінің жеңімпаздары
«Математикалық регата»
      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен Орал қаласында өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық байқауының облыстық кезеңі оздырылды.
     Іс-шараға облыс бойынша әр түрлі білім беру ұйымдарынан 16 математика пәні мұғалімдерінен құралған команда қатысты.
    Байқаудың мақсаты педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, қоғамдағы имиджін қалыптастыру, мәртебесін өсіру.
    Аталған шараға Жәнібек ауданының «Факториал» командасы Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Есенғалиева Меңсұлу Телағысқызы, Шапағатова Ақмарал Шапағатқызы, Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Ғұсманов Алмабек Максимұлы, Ғ.Сарбаев атындағы МББК-нің математика пәні мұғалімі Қабылнасыров Ардақ Елемесұлы қатысып, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жеңістеріңізбен құттықтай отырып, еліміздің математикалық білім беру бағытын дамытуға атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
 
 
 
 
Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК