2024 жылдың 1 қараша күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен облыстық білім басқармасы, аудандық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде біліктілігін анықтау және қолдау, шеберлігін дамыту.

Олимпиаданың аудандық кезеңінде 40 педагог бақтарын сынады.

Олимпиаданың ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Кисекова Толқын Көшенқызы ұстаздарға құттықтау жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Әділқазы алқаларының шешімімен олимпиадаға қатысушылардың пайыздық көрсеткіштері бойынша төмендегідей жүлделі орындар бөлінді:

І орын – Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Абдрешева Нұргүл Сайфуллақызы, Қуаншалиева Салтанат Жардемқызы, Құсаинова Назгүл Салахаддинқызы және Ө. Сахипов атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Әбішева Айман Жылқайдарқызы;

ІІ орын -Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Ғұмарова Индира Берікқызы, Есетова Бибинұр Жұмабекқызы, Жұмағалиева Гүлмаржан Төлегенқызы, Смағұлова Перизат Ерболатқызы, Идрисқалиева Нұргүл Мұқанбетқызы, Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Сабырғалиева Гүлнар Зейнқызы, Х.Халиуллин атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Сапарова Лиза Қарасайқызы, Жакина Нұргүл Тұрымтайқызы, Өнеге бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Жаннат Амангелдіқызы;

ІІІ орын – Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Төлеуова Әлия Закарияқызы, Дүюсенбаева Назгүл Рақышқызы, Ғабдрахимова Дина Талғатқызы, №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Кенжеғалиева Райгүл Мертенқызы мен Темирғалиева Гүлсезім Қаирбекқызы, Ө. Сахипов атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Лұқпанова Әлия Сағидоллақызы, Айтқалиева Жанна Хамидоллақызы, А.Оразбаева атындағы НОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасова Меруерт Сәбитқызы Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Мұқашева Анар Сансызбайқызы ие болды.

Мұғалімдердің орындаған жұмыстарын қорытындылай келе, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом және ерекше жетістігі үшін қатысқан мұғалімдерге Грамоталарды Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сыныптар бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі Шапағатова Олеся Шапағатқызы мен №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алтаева Альбина Манарбекқызы табыстады.

Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне І орынға ие болған әріптестеріміз Н.С.Абдрешева, А.Ж.Әбішева, С.Ж.Қуаншалиева, Н.С. Құсаинова қатысуға жолданды.

Әріптестерімізге шығармашылық табыстар, сәттілік тілейміз!
Барлық жүлдегерлерді жеңісімен
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!