
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАРАФОН»


Білім беруді дамыту орталығы мен аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 9 қарашасында «Алтын ұя» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің математикалық сауаттылығын арттыру, зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ашу және цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАРАФОН» тақырыбында аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Байқау «Таныстыру», «Математикалық жұмбақтар», «ЦифроБУМ», «Өнер - математика тілімен» бөлімдері бойынша ұйымдастырылып, бөбекжай педагогтерінен құралған 9 команда (27 педагог) қатысып, бақ сыныды.

Нәтижесінде «Математикалық марафон» аудандық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде - «Алтын ұя» бөбекжайы;
І орын – «Ақбота» бөбекжайы;
ІІ орын – «Балдәурен» бөбекжайы;
ІІІ орын – «Жәнібек» «бөбекжайы.

Байқау жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің Диплом, Сертификаттарымен марапатталды.

Облыстық кезеңге «Алтын ұя» бөбекжайының «МатемЛайф» командасы жолданды.
Жеңімпаздарға сәттілік!