Меню
Страницы

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

Аудандық білім беру бөлімінде әр жылдары ұжымда абыройлы еңбек атқарып, зейнеткерлік жасқа шыққан, әріптес болған бүгінде еңбек демалысында отырған  еңбек ардагерлерді дәріптеу, қадірлі әкелер, ақ жаулықты аяулы аналарды құрметтеу, еңбектерін бағалау, өнегелі өмір жолдарынан үлгі алу, тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» мерекелік шара және «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» сыр сұхбат «Еңбек күні» мен  1 қазан – Қариялар күніне орай ұйымдастырылды.

Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес.

Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз.

 «Қарты бар елдің қазынасы бар» – деген аталы сөз осыдан қалса керек.

Аталған салтанатты шараға Шапиғолла Ғайноллаұлы Мұқанов, Серік Халиоллаұлы Түйебаев, Берік Қайпұлы Нұралиев, Балжан Мақсотқызы Құсайынова қатысып, әріптес, замандас болған  еңбек ардагерлері бір-бірін сағынып қалғандары соншалық, мәре-сәре болып, аман-саулық сұрасып, қуана кездесті.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Хамитұлы Молдағалиев білім саласындағы ерен еңбектеріне тоқтала келе,  ерекше көңіл бөліп  құттықтады.

Еңбек ардагерлері «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» сыр сұхбат бағдарламасында  өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті.

          Еңбек жолында бірге ұжымдас болған әріптестермен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан айтып бір жасап қалды.

Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 4«а,ә» - сынып оқушылары мерекеге  құттықтау лебіз ретінде ән-шашу, жүрекжарды  ақ тілектерін жырмен жеткізді. Сынып жетекшілері Насіп Сабырқызы Қадралиева мен Жанар Болатқызы Омашева.

       Сонымен қатар бүгінде еңбек демалысында отырған Орал қаласында тұратын ұлағатты ардагер ұстаздар Мәншүк Жамелледенқызы Исқақова, Алматыдан Есеева Баян Гұбайдуллақызы, Орал қаласынан еңбек ардагері Өтеғаным  Ибрагимқызы Сайхаденова  бейне  жазба арқылы ұжымға  алғыстарын білдіріп, еңбегінің зейнетін көріп отырған әріптестерге ақ тілектерімен құттықтауларын жеткізді.

    «Батаменен ел көгерер» - демекші, бас қосу соңында еңбек ардагерлері ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.

       Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» деуінде де терең бір сырдың қайнары жатса керек.

        Қарты бар елдің қазынасы сарқылмайды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК