
2024 жылдың 19 қыркүйегі күні «Алтын ұя» бөбекжай базасында «МДҰ тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы ұйымдастыруды әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға МДҰ басшылары, тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты.
Әдістемелік күн бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жөніндегі қызметті өзектендіру үшін консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру, құзыреттілік орталықтарының аймақтарда озат тәжірибесін енгізу және тарату, мобильдік топтардың қызметін күшейту мәселелері бойынша Р.М.Темирова, А.С.Саматов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Балабақша педагогтарына МДҰ педагогтары басшылыққа алып жұмыс жүргізетін нормативтік құжаттар және Балаларды ерте дамыту институтының сайтында құрылған педагогтар мен ата-аналарға арналған виртуалды кабинет бөлімі таныстырып, тығыз жұмыс жүргізу ұсынылды.