
🔸Бүгін аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №1 мектеп-лицейінде сайт жұмысы бойынша басқосу өтті. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Аида Уразалиева сайтты жүргізуге жауапты мамандарға сайт бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, жұмысын жандандыруға қолқа салды.