Меню
Страницы

СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ!

🔸Күз мезгілінің алғашқы күні көңіліңе жылылық ұялатып, жүзіңе ерекше нұр құяды. Бұл күні жүректер мейірімге, құшақтар гүлге толады. Жаздың жайдары күні сұлулыққа жалғасып, түрлі-түсті бояулармен алмасып, өзгеше күйге енді. Ала жаздай асыр салған балалар ала таңмен таласа оянып, күн нұрына шомылып, балғын әрі бақытты күйде мектепке асығады. Себебі бұл көптен күткен білім күні!

🔸 Дәстүрлі мерекеге айналған күнде ауданымыздағы сан жылдық тарихы бар білім ошақтары жаңданып һәм жасарып қалды. Әр ауылда білім күні тойланып, мұғалімдер қауымы оқушыларды қуана қарсы алды. Барлық мектепте «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында сынып сағаты өтіп, еліміздің жаңа дамуы талқыланып, білімнің әр жастың өмірінен алатын айрықша орыны айтылды.

Осы орайда айтулы мерекеге орай Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде салтанатты шара өтті. Жиналған қауым желбіреген көк Туға сүйіспеншілікпен қарап, елім деп дүрсіл қаққан жүрек тұсын ұстап мемлекеттік Гимн шырқады.

Шараға аудан әкімі Тимур Шиниязов, Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина мен ардагер ұстаздар қатысты.

Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 87 оқушыны сынып жетекшілерімен бірге ортаға шақырып, елмен таныстырды. Олар өз жүрекжарды лебіздерін өлең жолдарымен білдірді.

Алғашқы сөз кезегі аталған мектептің директоры Сержан Қошановқа берілді. Оқушыларды мерекемен құттықтаған мектеп басшысы тәжірибелі мұғалімдерге облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның Құрмет Грамотасын табыстады.

Аудан басшысы Тимур Серікұлы білім күнінің маңызын айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Алғашқы сыныпқа қадам басқан оқушылардың ата-аналары арасынан сөз алған Анаргүл Молдашева бүлдіршіндердің мектепке тез үйреніп, пәндерді құштарлықпен меңгеріп кетуіне ұстаздармен бірге ата-аналардың да атсалысатынын айтты.

Сыңғырлаған қоңырауды осы оқу жылының түлегі Балғынбек Өктешов пен Жасмина Оразова, 1 сынып оқушылары Нұрасыл Ескендір мен Нұрай Кенжебекқызы соқты. Содан соң болашақ түлектер мектепке "тарыдай" боп кірген оқушыларға дәптер мен қалам сыйлады. Шара соңында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы Балқия Тұрашева мерекемен құттықтап, мектеп ұжымымен тығыз байланыс орнатып, аталған бөлім білім ордалары үшін көмекке дайын екенін жеткізді және жүргізушілер білім күніне арналған «Мектеп – мейірбандық мекені» атты қысқа бейнероликтер түсіріліп, республикалық челлендж аясында сынып сағаттары өткізілетіні туралы хабарлады.
Айта кету керек, биыл аудан бойынша 2572 оқушы білім алады. Соның ішінде 287 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады. Ал 11-сыныпта 120 оқушы білім алатын болады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации