
2026 жылғы 26 наурызда ШҚО Риддер қаласы бойынша білім бөлімі ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «№1 мектеп-лицейі» КММ базасында математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Цифрлық резонанс: дәл ғылымдардағы адам интеллекті мен жасанды интеллектінің синергиясы» тақырыбында қалалық шебер-сынып өтті.
Іс-шараға қала мектептерінің аталған пәндер бойынша педагогтері қатысып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибелік жұмыстар орындап, заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарымен танысты, өзара тәжірибе алмасты.
Шебер-сынып барысында мұғалімдер білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, оқыту сапасын арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында құнды ұсыныстар алды.