
ШҚО Риддер қаласы бойынша білім бөлімі ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 19 қаңтар күні Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ «Оқу сауаттылығы тапсырмаларын сабақта тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Мақсаты: Мұғалімдердің оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды сабақта тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын көрсету.
Семинарға қалалық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылады, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кәсіби тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!