Меню
Страницы

Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс

Орал қаласының білім беру бөлімі қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №2-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесін құру бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтінім (еркін түрде);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

           Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

            Қамқоршылық кеңестің құрамына кіреді:

       1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

      3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

      5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

      7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Құжаттар ««Орал қаласының білім беру бөлімінің №53 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен 2026 жылдың 4 мамырға дейін Орал қаласының білім беру бөлімінің edu_uralsk@bko.gov.kz электрондық поштасында немесе Орал қаласының білім беру бөлімінде қабылданады (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көш. 23, 312-кабинет, тел.: 50-38-79)

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК