Меню

Страницы

Статья

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

            «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі  (мекенжайы: индекс 090000 БҚО Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы,№145 үй, эл.пошта edu_uralsk@bko.gov.kz Телефон 8(7112) 50-39-28), қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 7 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатының болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін, меңгерген болуы керек.

Лауазымдық міндеттері:

          Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әдістемелік кабинет  қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;      штаттық кестені анықтайды және бекітеді.     

Даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің  даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады.

      Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді және кабинеттің мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;

      республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

      қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;

      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      кабинеттің оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;

      педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

      педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс,    өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;

      әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;

      есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.   

 Білуге міндетті:

           Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормаларын,      педагогикалық этиканың нормаларын,      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларын,  дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларын.


1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты ( 172014-209178 тенге)

             Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының 3 тарауының 20-тармағына сәйкес  төмендегі құжаттары тапсыруы тиіс.

1)  қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Дата публикации
05 сентября 2024
Дата обновления
05 сентября 2024
Тип
Объявление

Сейчас читают

Объявление
02 апреля 2025
Конкурс на замещение вакантных должностей членов наблюдательных советов
Объявление
04 марта 2025
Объявление
Объявление
23 января 2025
Балалардың құқығын қорғау секторы әдіскерінің (1 жүктеме) бос лауазымына орналасуға ашық конкурс

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации