«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі балалардың құқығын қорғау секторы әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: индекс 090000 БҚО Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы,№145 үй, эл.пошта edu_uralsk@bko.gov.kz Телефон 8(7112) 50-39-28), балалар құқығын қорғау секторы әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін, меңгерген болуы керек.
Лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларды) асырап алуға үміткер азаматтарды тіркейді, жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларды) ЖОО, АОО, колледже оқитын балалардың деректер банкін жасақтайды, жүргізеді, қалыптастырады және бақылайды.
Кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау мақсатында тұрмыстық жағдайларын тексереді, мекемелермен жұмыс жүргізеді.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Республикалық банк дерегін жүргізеді, қалыптастырады, бақылайды.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
білім берудің мемлекеттік стандарттарын,
педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін,
дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау,
қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.
1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты ( 151486-182633 тенге)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының 3 тарауының 20-тармағына сәйкес төмендегі құжаттары тапсыруы тиіс.
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі