Меню
Страницы

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады

20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челлендж өтеді.

✔️ Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау.

🗣️ «Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.

📌 Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады. 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК