Шара «БАСҚАРУ,КӘСІБИ ӨСУ, БАЙЛАНЫС,ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы әдістемелік квесттен бастау алды.
Әдістемелік квестке мектеп директорлары, бөбекжай,бастауыш мектеп меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымының директорлары,оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бірлестік жетекшілері қатысты. Әдістемелік квест барысында “2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері”, “Білім беру бөлімінің басшысы қандай болуы керек?”, “Біздің бүгінгі қоғам заманауи мектеп басшысынан не күтеді?”’
”Мектепішілік бақылау және оны ұйымдастыру” тақырыптары кеңінен ашылып, егжей- текжейлі талқыланды.

Шараның екінші бөлімі аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімі, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары, жас мамандар және шақырулы қонақтар қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім саласына ұзақ жыл қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен сондай-ақ, білім беру жүйесін дамыту ісіне қосқан үлесі үшін, бір топ ұстаздарды “Құрмет” грамотасымен марапаттап, ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Нарболова Нәйлягүл Камалқызына “Орал өңірінде балалар туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін” төс белгісін тақты.
Сондай- ақ, Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Жамбылұлы ауданымыздағы білім беру жүйесіндегі жүзеге асып жатқан барлық шараларға тоқталып, ұстаздар қауымын 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтап,әріптестеріне шығармашылық табыс, ізденімпаз және ынталы оқушылардың көп болуына тілектестігін білдіріп, ауданымыздың білім беру саласындағы жас жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табыстары үшін педагогтерге “Құрмет” грамотасын табыс етті.
Шара барысында марапат иелеріне табыстаған сыйлықтарға демеушілік көрсеткен аудандық кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреміз!