Меню
Страницы

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА

Кеше, жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жұмыс сапарымен Бөкей ордасы ауданына келді. Басқарма басшысы Айгүл Әділгерейқызы және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Жамбылұлы Хан ордасы ауылында білім беру ұйымдарының басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында басқарма басшысы өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтсақ, жүзеге асырылған бірнеше жобалар туралы, білім сапасын көтерудің жолдарын, оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін, орта білім жетістіктерінің мониторингі қорытындысы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы және жас педагогтарды қолдау, педагог мәртебесі, педагогикалық кәсіби әдеп тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерін сырттай бағалауға, бақылауға негізделген ҰБТ, ББЖМ, PISA бойынша жұмыстарды жүйелеу керек екендігі айтылды. Кездесуде қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК