
Мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңінде 5-6 сынып қыздар арасындағы баскетбол жарысында ауданымыздың намысын қорғаған Мұхамед-Салық Бабажанов ЖОББМ-нің 6 сынып оқушы қыздары жүлделі 2 орынға қол жеткізді. Команда ойыншысы Аманжолова Аружан жарыстың "үздік ойыншысы" атанды. Команданың жаттықтырушысы Джангалиев Алмабек Мендиханұлы. Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!