Меню
Страницы

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланды

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы (09.08.2022 ж. №355 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен) негізінде 2022 жылдың қыркүйек айында ауданның мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында "Үздік педагог" атағын беру конкурсының I кезеңінің байқауын қорытындылау жөнінде комиссия отырысы өтті. Комиссия мүшелері аталған байқауға ұсынылған құжаттармен танысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңіне 8 педагог құжаттарын электронды түрде тапсырды.

Байқау ережесіне сай ақпараттық жүйеге салынған «Үздік педагог» конкурсының ережесіне сәйкес бағалау барысында әр қатысушыға 3 сарапшыдан тағайындалып, бағалау нәтижесінде қорытынды балдарын шығарды.

Сарапшылардың бағалауының нәтижесінде Ш.Жексенбаев атындағы МББК-нің химия және биология пәнінің мұғалімі М.Мухамжарова (58,33 балл), М.Маметова атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі А.Гумарова (56,67 балл), Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі А.Аксёнова (47,67 балл), М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің химия және биология пәнінің мұғалімі Л.Гумарова (44,33 балл), Қ.Сағырбаев атындағы МБК-нің тарих пәнінің мұғалімі Л.Таева (38,33 балл), Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жумагулова (33 балл), М.Бегалиева атындағы ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі Г.Еспентаева (33 балл), А.Құсайынов атындағы МБК-нің математика пәнінің мұғалімі Ж.Утемисова (24,67 балл) жинады.

Ережеге сай, «Үздік педагог» байқауында жоғары балл көрсеткішін көрсеткен Ш.Жексенбаев атындағы МББК-нің химия және биология пәнінің мұғалімі М.Мухамжарова, М.Маметова атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі А.Гумарова, Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі А.Аксёнова, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің химия және биология пәнінің мұғалімі Л.Гумарова, Қ.Сағырбаев атындағы МБК-нің тарих пәнінің мұғалімі Л.Таеваның құжаттары облыстық кезеңге жолданды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді. Еске салсақ, "үздік педагог" атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы және төсбелгілер берілетін болады.

Ауданымыздың үздік педагогін жетістігімен шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңге жолданған әріптестерге сәттілік тілейміз!

 

Социальные медиа
Меню подвал
Политика конфиденциальности
Экранный диктор
Термины и обозначения
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Жизненные ситуации
Концепция цифровой трансформации
Сайт Премьер-Министра РК
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Президента РК