Меню
Страницы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2022 жылдың 21 қазанында "Ақбота" бөбекжайы базасында Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен

"Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдары" тақырыбында аудандық семинар - практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Семинарды білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Кадимова ашып берді. Семинар барысында Балаларды Ерте дамыту институты ұсынған материалдар жинағына (Стандарт,Үлгілік оқу жоспары, Үлгілік оқу бағдарлама) түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсынылған материалдар педаготарға жеткізілді.Балалабақша тәрбиешілері тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай бағдарламаларға енгізілген өзгерістерге оң көзқарастарын білдірді. Бағдарламаға сәйкес «Ақпараттандыру», «Тәжірибе алмасу», «Фасилитация алаңдары» бойынша ауқымды тақырыптағы жұмыстар қорғалып, балабақша педагогтері шебер сыныптар көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Қорытынды бөлімде семинарды ұйымдастыруға үлесін қосқан "Ақбота " бөбекжайы ұжымына аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хаты табысталып, шебер сынып көрсеткен педагогтерге сертификаттар берілді.

         Аталмыш семинарда  өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге үлкен алғыс айтамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сіздердің қолдауларыңызбен аудандық семинарымыз өз мәресіне жетті.«Бала тәрбиелеу» жолындағы ақ адал еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілейміз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК