2025 жылғы 4-5 наурызда Алматыда маңызды халықаралық оқиға — ИКАО EUR/NAT гендерлік теңдік және әйелдердің авиациядағы құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайту жөніндегі өңірлік семинары өтеді.
Іс-шараны аймақтың 56 мемлекеті (ИКАО-ға мүше 193 елдің ішінен) кіретін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО EUR/NAT аймақтық бюросының директоры Николас Ралло ашады.
ИКАО EUR/NAT семинары тең мүмкіндіктер жасау және авиация саласы мамандарының жаңа буынын қолдау арқылы авиациядағы гендерлік теңдік мәселелерін шешуге бағытталған.
Іс-шара үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелерін шешу туралы өз көзқарастарымен бөлісіп қана қоймай, осы салада әлеуетті және білімді одан әрі қолдану бойынша құнды ұсыныстар беретін әлемдік деңгейдегі беделді сарапшылардың практикалық кейстеріне сүйене отырып, әйелдердің авиацияға қатысуын арттыру үшін стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Семинар әйелдер құқықтарын нығайтуға және оларға мансаптық өсу мен дамуға тең мүмкіндіктер беруге, сол арқылы анағұрлым инклюзивті, тиімді және инновациялық авиациялық индустрияға үлес қосуға бағытталған.
ИКАО гендерлік теңдік туралы
Тіркелу
Семинарға қатысушы ретінде тіркелу үшін электрондық пошта арқылы сұрау жіберуіңізді сұраймыз:
Байланыс
Семинарға қатысты барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: genderequality@caa.gov.kz
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!
Іс-шараға қатысу, баспасөз материалдарын алу және негізгі сессияларға қатысу үшін аккредиттеуге өтінімдерді электрондық поштаға жіберуіңізді немесе бізге телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасына келудің (кетудің) ережелері
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасына кіріп-шығу үшін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы паспорт немесе оның орнын басатын құжаттармен өтеді, қажет болған жағдайда оларда Қазақстан визасы болуы тиіс. Шетелдік азаматтар үшін визалық режим туралы толық ақпаратты осы сілтеме арқылы ала аласыз.
Визасыз режим:
Көптеген елдердің азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз бара алады. Визасыз тәртіп қолданылатын елдердің толық тізімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан танысуға немесе өз еліңіздегі Қазақстанның елшілігінен/консулдығынан нақтылауға болады.
Электронды виза:
Кейбір елдердің азаматтары үшін онлайн режимінде алуға болатын электронды виза (е-виза) қолжетімді. Бұл сапарын алдын ала жоспарлағандар үшін ыңғайлы нұсқа.
Қазақстан Республикасының Визалық-миграциялық порталында қосымша ақпарат алуға болады.
Келу кезінде берілетің виза:
Кейбір жағдайларда, мысалы, визасыз тәртіп қолданылмайтын және электронды визаға өтінім беру мүмкіндігі жоқ елдердің азаматтары үшін Алматы әуежайына келген кезде виза алуға болады. Алайда, жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін Сыртқы істер министрлігінен бұл туралы алдын ала анықтап алған жөн.
Қосымша ақпарат
Ақша, валюта айырбастау бағамдары
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге (KZT). Барлық тауарлар мен қызметтерге тек теңгемен төлем жасауға болады. Валютаны банктерде немесе ресми валюта айырбастау пункттерінде тиімді бағамен айырбастау ұсынылады. Ірі қалаларда банкоматтар кеңінен қолжетімді. Банктік карталар (Visa, Mastercard, UnionPay, American Express) қаланың көптеген аудандарында қабылданады, бірақ қаладан тыс жерлерге сапар шегу үшін ақшаны пайдаланған жөн. Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін ақшалай қаражаттан басқа, 10 000 АҚШ долларынан асатын сомаларды кеденде декларациялау қажет.
Қазақстандағы тілдер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар қолданылады. Халқымыздың 80-90%-ы орыс тілін еркін меңгерген. Ірі қалалардағы туристік агенттіктердің, қонақ үйлердің, ресторандар мен дүкендердің барлығы дерлік қызметкерлері ағылшын тілін біледі.
Қазақстандағы ауа райы
Қазақстан климаты қатты континенттік, қысы суық (-4°C-тан -19°C-қа дейін қаңтарда) және жазы ыстық (+19°C-тан +26°C-қа дейін шілдеде). Алматы қаласында қараша айында ауа райы әдетте суық болады (-2°C-тан +1°C-қа дейін), семинар өтетін кезеңде болжам бойынша 2024 жылдың 3-ші қарашасынан 8 -ші қараша аралығына дейін жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан жылы киім мен қолшатыр алып бару ұсынылады.
Розеткалар
Қазақстанда 220 вольт/50 герц жиіліктегі еуропалық стандарттағы (C, E, F типтері) розеткалары қолданылады. Еуропаның көптеген елдерінен (Ұлыбританиядан басқа), сондай-ақ Үндістан, Түркия және Тунис сияқты елдерден келген көптеген саяхатшыларға адаптер қажет болмайды. АҚШ, Жапония және басқа елдерден келген саяхатшылар өздерімен бірге адаптер алып келулері керек. Ірі әуежайларда әртүрлі түрдегі розеткалары бар зарядтау орындары қарастырылған. Адаптерлерді кез келген электроника дүкенінен сатып алуға болады.