2023 жылғы 5 қарашада өткен Атырау облысы Исатай және Қызылқоға аудандары әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада Атырау облысы Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 34497 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 19328 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша болған жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 552 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 6.

Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

 

Исатай ауданы бойынша:

Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы үшін сайлаушылардың 1327 дауысы берілді,

Муканов Рашид Тасанович үшін сайлаушылардың 2295 дауысы берілді,

Мусин Нұрым Бекежанұлы үшін сайлаушылардың 4934 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 35.

 

Қызылқоға ауданы бойынша:

Азмуханов Канат Кадыржанович үшін сайлаушылардың 8556 дауысы берілді,

Жексенов Магжан Абызович үшін сайлаушылардың 892 дауысы берілді,

Салыков Сандибек Аманбаевич үшін сайлаушылардың 1137 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 56.

 

Сайлау қорытындысымен әкім болып сайланғандар:

Исатай ауданы бойынша- Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны;

 

Қызылқоға ауданы бойынша- Азмуханов Канат Кадыржанович,                 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны.

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Исатай ауданы

Қызылқоға ауданы

Дата публикации
06 ноября 2023