Азаматтарды қабылдау орталығы

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
- кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
- түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
- орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады:
8 (7122) 31 99 82
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, №77
Қоғамдық көлік: №1, №3, №4, №7, №12, №14, №15, №20, №30
Қабылдау кестесі